«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 500 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының
2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы
    10 шілдедегі № 665 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа
3-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Салықтық есептілікті қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Салықтық есептілікті керi қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа
14-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерiн, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа
17-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа
20-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа
22-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа
25-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа
26-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Көлік құралына арналған кедендік декларацияны қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа
30-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Транзиттік декларацияны қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес жаңа радакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар жəне

аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

Бұйрық
Дата публикации
16 августа 2024