Бақылау-касса машинаcының фискалдық чектері бойынша сыйақы сомасын төлеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы («Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы)

Бақылау-касса машинаcының

фискалдық чектері бойынша сыйақы сомасын

төлеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы

(«Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы)

 

 

Салық мәдениетін арттыру мақсатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 73-бабын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН

  1. Бақылау-касса машинаcының фискалдық чектері бойынша сыйақы сомасын төлеу бойынша пилоттық жоба («Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы) (бұдан әрі – пилоттық жоба) жүргізілсін.
  2. Қоса беріліп отырған Пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
  3. Аумақтары «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын іске асыру үшін айқындалатын облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары оны өткізуді, сондай-ақ оған ерікті негізде қатысу мүмкіндігі туралы ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
  4. Комитеттің Өндірістік емес төлемдер мен жеке тұлғаларды әкімшілендіру департаменті (Д.Б. Нұрғалиев):

1) пилоттық жобаны жүргізуді ұйымдастыруды және үйлестіруді;

2) осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) пилоттық жоба аяқталған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде жүргізілген пилоттық жобаның нәтижелері туралы талдауды ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасының орынбасары С.А. Ахметовке жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                                                       Ж. Дүйсембиев

Бақылау-касса машинаcының фискалдық чектері бойынша сыйақы сомасын төлеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы («Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы)
Дата публикации
06 августа 2024