«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

ҚР ҚМ 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18718 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-қосымшада:

         мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:

«

2-1.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы

 

-

2

1

2500

                                                                                                                             »;

 

реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

         «Ескертпе:

         арнайы автокөлік – салық және кеден заңнамаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына, қызметшілеріне және кеден бекеттерінің аумағына көліктік қызмет көрсетуге арналған жеңіл не жүк автомобилі, автобус, шағын автобус;

жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс;

жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және министрліктің активтері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазым                                                                     Аты-жөні

 

 

 

 

бұйрық
Дата публикации
24 июля 2024