ҚР ҚМ бұйрығының жобасы
«Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 1-тамағының сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығының 1-тармағындағы 3) және 4)-тармақтарын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24367 болып тіркелген) қолданылуы 2024 жылғы 31 шілдені қоса тоқтатыла тұрсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
- осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауызымы аты жөні