On the approval of the Rules of Interaction (including information) between the national operator of the transportation tracking information system and the authorized body in the field of customs affairs when tracking shipments using navigation seals

«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-2-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдауды қадағалау кезінде тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасындағы өзара іс-қимылды (ақпараттық өзара іс-қимылды қоса алғанда) жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Руспубликасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
On the approval of the Rules of Interaction (including information) between the national operator of the transportation tracking information system and the authorized body in the field of customs affairs when tracking shipments using navigation seals
Дата публикации
28 мая 2024