Оn amendments to the Order of the Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated February 22, 2022 № 196 «On the establishment of minimum retail prices for cigarettes with a filter, without a filter, cigarettes, cigarillos and products with heated tobacco», was approved in Kazakh and Russian, with no English translation provided

«Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26923 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:

  • 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін сегіз жүз жиырма теңге;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан сегіз жүз жетпіс теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары бекітілсін.».
  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2024 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

 

М. Такиев

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 05.07.2024

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 34709 болып енгізілді

 

Оn amendments to the Order of the Minister of Finance of the Republic of Kazakhstan dated February 22, 2022 № 196 «On the establishment of minimum retail prices for cigarettes with a filter, without a filter, cigarettes, cigarillos and products with heated tobacco», was approved in Kazakh and Russian, with no English translation provided
Дата публикации
27 мая 2024