«Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қантардағы № 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қантардағы № 17 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне, «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-2-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 453 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.».

  1. Осы қаулы 2024 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қантардағы № 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
27 мая 2024