Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне, «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-2-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 453 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті арнайы құқық субъектісі ретінде айқындау қағидаларының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ғарыштық техника және технологиялар институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.».