«Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындаудың бас қамтамасыз етуін қолдану қағидаларында:
18-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«техникалық мүмкіндік болған кезде, кеден заңнамасының сақталуына тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам Нысанда ақшаны «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есепке алу (қайтару) немесе Кодекске сәйкес қолдану үшін кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, кейіннен ақшаны «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есепке алу (қайтару) немесе Кодекске сәйкес пайдалану үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, кейіннен ақшаны «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есепке алу (қайтару) немесе Кодекске сәйкес пайдалану үшін Нысанда кедендік операцияны тиісінше аяқтау, міндеттің орындалуын қамтамасыз ету шектеуін жою және оны бақылаудан алу туралы белгі қояды.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) және тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні