«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация нысаны
(913.00-нысан) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларациясы
(913.00-нысан)» деген салық есептілігін жасау қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. «Есептелген салықтар» деген бөлімде:
1) 913.00.001 деген жолда Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) және салықтық кезеңде жиынтығында Салық кодекстің 681-бабында белгіленген кірістерді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалатын кіріс сомасы көрсетіледі;
2) 913.00.001 I деген жолда электрондық сауда алаңын жүзеге асыру арқылы тауарды өткізуден алынған кіріс сомасы көрсетіледі;
3) 913.00.002 деген жолда жұмыс беруші оның қызметкерлерінің кірісі бойынша шығыстарының сомасы көрсетіледі;
4) 913.00.003 деген жолда салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа тізімдік саны көрсетіледі, оның ішінде:
913.00.003 I деген жолда салық кезеңі үшін
жұмыскерлердің – зейнеткерлердің орташа тізімдік саны көрсетіледі;
913.00.003 II деген жолда салық кезеңі үшін
жұмыскерлердің – мүгедектігі бар адамның орташа тізімдік саны көрсетіледі.
Салық кезеңіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны салық кезеңінің әрбір айындағы жұмыскерлер санын жинақтау жолымен айқындалады және салық кезеңі айларының жалпы санына бөлінеді. Егер салық кезеңіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 0,5-тен жоғары бөлшек мәнді құраса, онда мұндай мән бүтін бірлікке дейін дөңгелектенуге жатады, 0,5-тен төмен мән дөңгелектенуге жатпайды;
5) 913.00.004 деген жолда есептелген салықтардың сомасы (КТС/ЖТС) көрсетіледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. «Есептелген салықтар» деген бөлімде мынадай деректер көрсетіледі:
1) 913.01.001-жолда жұмыс берушінің жұмыскерлерінің кірістері бойынша шығыстарының сомасы көрсетіледі.
913.01.001-жолда көрсетілген сома негізгі декларациядағы
913.00.002-жолға көшіріледі;
2) G бағанында бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің тиісті мөлшерлемесін, яғни 4 %, 8% және жергілікті өкілді органның шешімімен
50 %-дан аспайтын төмендетуді ескере отырып, бекітілген мөлшерлеме көрсетіледі;
3) H бағанында Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) және салықтық кезеңде жиынтығында Салық кодексінің 681-бабында белгіленген кірістерді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалатын кіріс сомасы көрсетіледі.
Н бағанының жиынтық жолы негізгі декларациядағы 913.00.001-жолға көшіріледі;
4) I бағанда Н бағанының қорытындысында көрсетілген салық салынатын кірістің жалпы сомасынан салық салынатын кірістің үлес салмағы
(%) көрсетіледі (мысалы, салық салынатын кіріс сомасы («H» бағаны)
300 000 теңге, салық салынатын кірістің жиынтық сомасы – 500 000 теңге.
300 000 / 500 000 *100 = 60%);
5) J бағанында жұмыс берушінің жұмыскерлерінің кірістері бойынша шығыстарының сомасына азайтуды ескере отырып, кіріс сомасы көрсетіледі (мысалы, салық салынатын кірістің сомасы («H» бағаны) 300 000 теңге, жұмыс берушінің қызметкерлерінің кірістері бойынша шығыстарының сомасы (913.01.001-жол) – 80 000 теңге, салық салынатын кірістің үлес салмағы 60%. Барлығы 300 000 - (80 000 х 60%) = 252 000 теңге. Яғни J бағанында 252 000 теңге сомасы көрсетіледі);
6) K бағанында есептелген салықтың (КТС/ЖТС) сомасы көрсетіледі, ол мынадай формуламен айқындалады: жұмыс берушінің жұмыскерлерінің кірістері бойынша шығыстарының сомасына азайтуды ескере отырып, кіріс сомасы G бағанында көрсетілген мөлшерлемеге көбейтіледі.
K бағаны бойынша жиынтық жолы негізгі декларациядағы
913.00.004 - жолға көшіріледі.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.