«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Қаулы жобасы

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналар:

1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алатау қаласы бойынша қазынашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

  1. Мыналар:
  • Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық  органдары  –  республикалық  мемлекеттік мекемелері;
  • Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
  1. Осы қаулының 1 және 2-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі үшін көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
  2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:

Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарының тізбесінде:

мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:

«53-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алатау қаласы бойынша қазынашылық басқармасы.»;

мынадай мазмұндағы 80-1-тармақпен толықтырылсын:

«80-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.»;

мынадай мазмұндағы 80-2-тармақпен толықтырылсын:

 «80-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Марқакөл ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.»;

206-тармақ алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы  227-1-тармақпен толықтырылсын:

 «227-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Абай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мақаншы ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.»;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген                   1-бөлімде:

мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

 «49-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;

мынадай мазмұндағы 211-1-тармақпен толықтырылсын:

«211-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;

мынадай мазмұндағы 214-1-тармақпен толықтырылсын:

 «214-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;

мынадай мазмұндағы  261-1-тармақпен толықтырылсын:

 «261-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жаңасемей ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;

мынадай мазмұндағы 268-1-тармақпен толықтырылсын:

«268-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақаншы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.».

  1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                     О. Бектенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Дата публикации
14 мая 2024