көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларында:
32-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) ауысым аяқталған кезде бақылау-касса машинасының моделін Дайындаушының техникалық талаптарына сәйкес ауысымдық есепті (Z-есеп) алу жолымен «ауысым соңы» рәсімін орындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану жағдайын қоспағанда, ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптары мен тауар чектерін, сондай-ақ жою, қайтару чектерін және жою мен қайтару операциялары жүргізілген бақылау-касса машиналарының чектерін басып шығарылған немесе толығымен толтырылған күнінен бастап бес жыл бойы сақтайды.
Бақылау-касса машиналары үшін ауысым кезеңі жиырма төрт сағаттан аспайды.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Лауазымы Аты-жөні
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі