Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан 22 441 өтініш келіп түсті, өтініштердің көп бөлігі кедендік әкімшілендіру мәселесі бойынша түсті.
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 22 441 өтініштің ішінен 15 953 өтініш қаралды, оның ішінде әкімшілендіру рәсімі тәртібінде – 8 493, оңайлату рәсімі тәртібінде – 7 460.
Салық төлеушілерден жиі келіп түсетін сұрақтардың бірі автокөлік құралдарын жария ету, тоқсан сайынғы негізде салық төлеушілерді тәуекел дәрежесі төмен, орташа немесе жоғары санаттарға жатқызу арқылы оларды санаттау мәселесі, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттығы мәселесі болып табылады.