«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы
БҰЙЫРАМЫН:
Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін салық төлеуші ұсынған ҚҚС бойынша салық есептілігін және (немесе) АЖ мәліметтерін, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асыратын бақылау нәтижелері «Пирамида» есебі болып табылады.
«Пирамида» есебі қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомаларының дұрыстығын айқындау және мынадай тәуекелдерді анықтау мақсатында қалыптастырылады:
салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі;
жеткізушілердің салық төлеуден жалтару схемаларын қолдану қаупі.
Есепті қалыптастыру нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы мен әр салық кезеңі үшін әртүрлі деңгейдегі жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысудың көп деңгейлі схемасы болып табылады.»;
45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45-1. «Пирамида» есебі көрсетілетін қызметті алушылардың барлық жеткізушілері бойынша:
1) бұзушылықтар соммасы, көрсетілетін қызмет алушыға тікелей жеткізушілерден, делдалдардан (агенттерден, комиссионерлерден немесе сенім білдірілген адамдардан) алған тауарлары, көрсетілген қызметтері, атқарылған жұмыстары үшін есепке жатқызылған ҚҚС сомасынын асып кеткен жағдайлардан басқа;
2) осы Қағидалардың 46 және 47 тармақтарынды қарастырылған жағдайлардан басқа кезде қалыптастырылады;
3) ҚҚС-тың жалпы сомасы бар өнім беруші салық кезеңі үшін жазып берілген шот-фактуралар бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және «Пирамида» есебін қалыптастыру күніне қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 300 еселенген мөлшерінен аспайтын болып белгіленсе;
4) ҚҚС қайтару туралы талапты және (немесе) «Пирамида» есебі қалыптастырылатын салықтық өтінішті берген көрсетілетін қызметті алушының өзі өнім берушілердің әртүрлі деңгейлерінде белгіленсе.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Өнім берушінің салық есептілігінің мәліметтерін және АЖ мәліметтерін салыстырып тексеру нәтижесінде анықталған алшақтықтар, сондай-ақ бюджетке ҚҚС есептеу және төлеу жөніндегі салық міндеттемелерінің орындалмағанын (толық орындалмағанын) көрсететін басқа да мәліметтер салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі деп танылады.
Көрсетілетін қызметті беруші салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі бойынша тек қана көрсетілетін қызметті алушының тікелей жеткізушілері бойынша «Пирамида» есебін қалыптастырады.
Осы Қағидалардың мақсатында тікелей өнім берушілер:
тікелей немесе тексерілетін көрсетілетін қызметті алушыға тауарлар жеткізген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсеткен делдалдар (агенттер, комиссионерлер немесе сенім білдірілген адамдар) арқылы өнім берушілер;
өзара байланысты тараптар арқылы тікелей немесе делдалдар (агенттер, комиссионерлер немесе сенім білдірілген өкілдер) арқылы тауарлар жеткізген, жұмыстарды орындаған немесе қызметтер көрсеткен өнім берушілер.»;
47- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Тауарларды нақты жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей ҚҚС сомаларын есепке жатқызу құқығын алу мақсатында мәмілелер жасасуды көрсететін белгілердің болуы өнім берушілердің салық төлеуден жалтару схемаларын қолдану тәуекелі деп танылады.
Мұндай белгілерге әртүрлі деңгейлерде болуы жатады:
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактураларды жазып беру шектелген өнім берушілер;
заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде тіркеу (қайта тіркеу) жарамсыз деп танылған өнім берушілер;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу фактісі бар өнім берушілер;
сот жарамсыз деп таныған мәмілелерді жеткізушілер.»;
52-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52-1. ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау кезінде сәйкессіздіктер мынадай өнім берушілер бойынша салық міндеттемелерін орындамау тәуекелі ретінде есепке алынбайды:
1) көрсетілетін қызметті алушының тақырыптық тексеруі аяқталғанға дейін Салық кодексінің 6-тарауына сәйкес ҚҚС төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерткен;
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар туралы хабарламалар жіберілген;
3) олар бойынша салық заңнамасының бұзылуы осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес жүргізілген қарсы тексерулердің нәтижелері бойынша расталмаған;
4) «Пирамида» талдамалық есебін талдау нәтижелері бойынша анықталған салық заңнамасын бұзушылықтар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің оларды жою жөнінде шаралар қабылдағаны туралы сұрау салуларға алынған жауаптар бойынша расталмаған жағдайларда жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 52-2-тармақпен толықтырылсын:
«52-2. Осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес белгіленген ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау кезінде Тараптардың өзара байланыстылығы болған жағдайды қоспағанда, белгілер өнім берушілердің мынадай өнім берушілер бойынша салық төлеуден жалтару схемаларын қолдану тәуекелдері ретінде ескерілмейді:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізу тізбегіндегі бұзушылықтарды жойған, оның ішінде мәмілені заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жарамды деп тану.
2) болашақта оларды сатып алушы экспорттайтын электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді жүзеге асыратын;
3) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асыратын;
4) ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін ұлттық компания болып табылатын;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) негізінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын;
6) салық мониторингінде тұрған;
7) өз өндірісінің тауарларын өндіруші болып табылады.
Салық кодексінің 434-бабына сәйкес бекітілетін, өз өндірісінің тауарларын өндірушілердің тізбесіне енгізілген салық төлеуші осы тармақтың мақсатында өз өндірісінің тауарларын өндіруші болып танылады;
осы Қағидалардың 4-тарауының 2-параграфына сәйкес жүргізілетін қарсы тексеру нәтижелері бойынша белгіленген, көрсетілетін қызметті алушы сатып алған тауарды өндіруші (ірі және ұсақ мүйізді малдың терісін өндірушілерді және түсті және қара металдардың сынықтарын қайта өңдейтін адамдарды қоспағанда).
Осы Қағидалар шеңберінде өз өндірісінің тауарларын өндіруші көрсетілетін қызметті алушының барлық тексерілетін кезеңі ішінде өндіруші деп танылған өнім беруші болып табылады.
Бұл ретте осы Қағидалардың 47-тармағына сәйкес белгіленген осы тармақтың 2)-7) тармақшаларында көрсетілген өнім берушілер бойынша тақырыптық тексеруді тағайындаған МҚК салықтық бақылау кезінде пайдалану үшін олардың орналасқан жері бойынша МҚК-ға жібереді.
Салық бақылауы барысында осы тармақтың 2)-7) тармақшаларында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының өнім берушілері бойынша тауардың қосылған құнын ұлғайту мақсатында мәмілелер жасасу жолымен ҚҚС асып кетуін негізсіз ұлғайтуға әкеп соғатын осындай тараптардың өзара байланыстылығында көрініс табатын бұзушылықтар анықталған кезде, бұрын қайтарылған ҚҚС асып кету сомасын көрсетілетін қызметті алушы 5-тармақта көзделген тәртіппен бюджетке төлеуге тиіс Салық кодексінің 431-бабы.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. Егер, тексеру жүріп жатқан көрсетілетін қызметті алушының:
оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар (осы құқықты пайдалануға қарамастан);
Салық кодексі 152-бабы 12-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын, Салық кодексі 152-бабы 12-тармағының 4) тармақшасына сәйкес құны кемінде 150 000 000 АЕК-ті құрайтын;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын және ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 (бес) жыл ішінде есептелген салық жүктемесінің кемінде 20 (жиырма) пайыз орташа коэффициенті бар;
Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын тікелей жеткізушілері «Пирамида» есебінің нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жойған кезде, осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген ережелер қолданылмайды;
Бұзушылықтарды жою фактісі тақырыптық тексеру аяқталғанға дейінгі мерзімде МКО-дан бұзушылықтарды жою туралы шаралар қабылдау туралы сұраулар және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының мәліметі бойынша келіп түскен жауаптар бойынша анықталады.»;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Тікелей жеткізушімен өзара есеп айырысу бойынша қарсы тексеру, егер Жеткізуші мынадай жағдайларда да тағайындалады:
1) көрсетілетін қызметті алушымен қолма-қол нысанда есеп айырысу кезінде Салық кодексінің 402-бабында белгіленген ең төменнен асып кеткен;
2) Салық кодексінің 400 - бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚҚС есепке жатқызған ҚҚС төлеуші болып табылады;
3) есепті салық кезеңінде есептен шығарылған және Салық кодексінің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тарату есептілігінде салық салынатын айналымды көрсетпеген ҚҚС төлеуші болып табылады;
4) делдал (агент, комиссионер немесе сенім білдірілген өкіл) болып табылады;
5) экспедитор болып табылады;
6) көрсетілетін қызметті алушы өз өндірісінің тауарларын жеткізуші ретінде ұсынатын тізімге енгізілген.
Осы тармақтың ережелері тексерілетін салық төлеуші мен оның тікелей жеткізушісі – салық мониторингіне жататын салық төлеуші арасындағы операциялар бойынша қолданылмайды.
Салық мониторингіне жататын салық төлеушімен операциялар бойынша ҚҚС сомаларының дұрыстығын Растауды тақырыптық тексеруді тағайындаған салық органы салық есептілігінің және (немесе) салық органдарында бар электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің деректері негізінде жүргізеді.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі