«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгірістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (486)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгірістер мен толықтыру енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгірістер мен толықтыру енгізілген кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және   2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

    Аты-жөні

 

 

Бұйрықтың жобасы
Дата публикации
04 января 2024