«Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16387 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Компания мен бағалаушы МКО құжаттарды дерекқорға енгізген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей борышкердің қатысуымен мүліктің нақты болуын тексеріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасайды, ол екі жұмыс күнінен кешіктірілмей МКО-ға жолданады.

Мүліктің нақты болуы МКО тарапынан көмек көрсетумен тексеріледі..»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Компания мен бағалаушы МКО құжаттарды дерекқорға енгізген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей борышкердің қатысуымен мүліктің нақты болуын тексеріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлiктің бар және (немесе) жоқ екені туралы акт жасайды, ол екі жұмыс күнінен кешіктірілмей МКО-ға жолданады.

Мүліктің нақты болуы МКО тарапынан көмек көрсетумен тексеріледі.»;

30-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) одан әрі сауда-саттықты өткізуге тыйым салатын сот органдарының шешімдері, ұйғарымдары болған кезде өткізілмейді. Мемлекеттік кірістер органдары құжаттардың көшірмелерін тиісті шешім қабылданған не мемлекеттік кірістер органына сот актісі келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Компанияға жолдайды.»;

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Кепілдік жарна шегерілген сату бағасын электрондық аукционның жеңімпазы сауда-саттық қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымдастырушының есеп шотына енгізеді.

Ұйымдастырушы кепілдік жарна мөлшерін қоса алғанда, сату бағасын сауда-саттық өткізу күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде компанияның банк шотына аударады.»;

көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы №111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
24 ноября 2023