22.01.2024 № 27 «Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

22.01.2024 № 27

«Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 БҰЙЫРАМЫН:

1. «Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы
24 ақпандағы № 118 бұйрығына (
Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 10617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Биоотын айналымы бойынша декларацияның нысанын, ұсыну қағидаларын және мерзімін бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі;2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес биоотын айналымы бойынша декларация нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларында

жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 118 бұйрығына
1-қосымша»;

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын

«1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Биоотын айналымының теңгерімі»                          (бұдан әрі – Декларация) биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.

  1. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша аталған қызметті жүзеге асыру орны бойынша мемлекеттік кірістер органына декларация тапсырады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

«5. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту туралы өтініштің (бұдан әрі – өтініш) негізінде декларацияны ұсыну мерзімін ұзатады.»;

1-қосымша алып тасталсын;2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Биоотын айналымы бойынша    декларацияны ұсыну қағидалары және мерзімі»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен толықтырылсын. 

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі

 

Е. Жамаубаев

 

«Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
22 января 2024