2023 жылғы 3-тоқсан үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы аналитикалық есеп

2023 жылғы 3-тоқсан үшін

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы аналитикалық есеп

 

 

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету Қазақстан Республикасы ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) қызметінің маңызды және стратегиялық міндеті болып табылады, өйткені мемлекеттік қызметтер сапасының деңгейі елдің экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Есепті күнге Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 42 түрі енгізілген.

2023 жылдың 3 тоқсанында Комитет «электрондық үкімет» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет МК», «Е-лицензирование» МДҚ, КЕАҚ арқылы көрсетілгендерді қоспағанда, барлығы 5 335 834  Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық түрде – 5 306 910 (99,4 %).

2023 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша «салық есептілігін қабылдау» - 3 572 438 сияқты қызметтер неғұрлым сұранысқа ие электрондық қызметтер болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту саны – 31 093.  Негізсіз бас тарту фактілері жоқ.

Есепті кезеңде мемлекеттік кірістер органдарының 45 қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларының саны, барлығы – 19 467.

2023 жылғы 3-тоқсан үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы аналитикалық есеп
Дата публикации
02 ноября 2023