«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақтың 6) тармақшасы мындай редакцияда жазылсын:
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидалары;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілген қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе).»;
16-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбенің 8-тармағында көзделген толық құжаттар топтамасын ұсынбай деректерді бермей бақылау-касса машинасын есепке қою туралы салықтық өтінішті қағаз жеткізгіште ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6 Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.»;
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бақылау-касса машинасы моделінің белгіленген техникалық талаптарына сәйкестігін растайтын сәйкестік сертификатының немесе QR-код көрсетілген электронды түрде берілген өзге құжаттың не қағаз жеткізгіште берілген кезде олардың нотариат куәландырған көшірмесі қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағыштағы салықтық өтінішті ұсынады.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Фискалдық деректер операторының жұмысын ұйымдастыру оның міндеттерін толық көлемде орындалуына ықпал ететін мына функцияларды іске асыруды:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бақылау-касса машинасын қолданумен жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу операциялары туралы мәліметтерді қабылдау, өңдеу, сақтау және мемлекеттік кірістер органдарына өзгеріссіз түрде беру үшін бағдарламалық-аппараттық кешенін құруды және пайдалануды;
2) бақылау-касса машиналарын фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кешеніне VPN қосуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы ақпараттық-телекоммуникациялық желінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
3) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген бақылау-касса машиналарын фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кешеніне (серверіне) қосу және бақылау-касса машинасын қолданумен жүзеге асырылатын, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен келісілген тарифтер бойынша ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, өңдеу және сақтау қызметтерін көрсетуді;
4) бақылау-касса машиналарының деректерін қабылдау, сақтау және беру жүйесін әзірлеу және пайдалануға енгізуді;
5) фискалдық деректер операторының қызметтерін пайдаланушылармен өзара интерактивті іс-қимыл үшін фискалдық деректер операторының порталын құруды және техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ олар үшін қосымша сервистерді әзірлеу және порталға орналастыруды;
6) фискалдық деректер операторы порталының, бағдарламалық-аппараттық кешені, ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің жұмысы мәселелері бойынша салық төлеушілердің, мемлекеттік кірістер органдарының консультациялық және техникалық қолдау қызметін және бақылау-касса машиналарына техникалық қызмет көрсету орталықтарын құруды;
7) салық, мемлекеттік құпиядан және басқа да заңмен қорғалатын ақпараттан тұратын ақпаратты жариялағаны, таратқаны үшін фискалдық деректер операторы қызметкерлерінің жауаптылығы мәселелері бойынша құқықтық актіні бекітуді;
8) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы фискалдық деректер операторының порталында тіркелгеннен кейін, деректерді алушыдан басқа, қызметтер көрсету шарттарының негізінде фискалдық деректер операторының бақылау-касса машиналардан мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру тәртібі бойынша қызметтерді іске асыруды;
9) фискалдық деректерді өңдеуге фискалдық деректерді (сондай-ақ салық төлеуші туралы кез келген ақпаратты) өзгертуді, иесіздендіруді, бұғаттауды, өшіруді немесе жоюды қоспағанда, фискалдық деректер операторының оларды жинау, жазып алу, жүйелеу, жинақтау, өзгеріссіз түрде сақтау, алу, пайдалану, мемлекеттік кірістер органдарына қолжетімділік беру бойынша әрекеттер кіретінін білдіреді;
10) кемінде алты өңірдің фискалдық деректер операторының қызметін қамтамасыз етуді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторының беру қағидаларында:
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ДБФ бар БКМ туралы мәліметтерді электрондық түрде беру мүмкін болмаған кезде қағаз тасымалдағышта, осы Қағидаларға 2 «Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есепке қою (деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының тіркеу деректерін өзгерту)» және 3 «Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасын есептен шығару» қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жолдайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
«8. Комитет ФДО электрондық поштасына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша ДБФ бар БКМ модельдер анықтамалығын жібереді.»;
13-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
«13. Хабарламаларды қабылдау-беру процесінде барлық уақыт параметрлерін тіркеу Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазым |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновация және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі