«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы №294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32132 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін және қосымша:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. ЭШФ АЖ биометриялық сәйкестендіру құралдары мынадай жағдайларда:

1) салық төлеушіні ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеу кезінде салық төлеуші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылатын, Келісімге қол қою кезінде;

2) тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері бойынша айқындалатын салық төлеуші басшысының не уәкілетті жеке тұлғаның ЭЦҚ куәландыратын ЭШФ АЖ қатысушысы ЭШФ жазып берген кезде пайдаланылады»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. ЭШФ АЖ жазып берілген ЭШФ бойынша биометриялық сәйкестендіру күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде бір реттен артық емес және осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайларда күнтізбелік ай ішінде 7 (жеті) реттен артық емес жүргізіледі.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген деректер сәйкес келген кезде ЭШФ АЖ операторы:

  • салық төлеушіге ЭШФ АЖ қатысушысы мәртебесін беруді;
  • ЭШФ тіркеу нөмірін өңдеуді және беруді жүзеге асырады.».
  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етеді.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

Т.А.Ж.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы №294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
20 сентября 2023