«Астана» халықаралық қаржы орталығының халықаралық шарттарға сәйкес жолданған, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

Астана қаласы

20_ жылғы «___» _______

 

№___

 

 

«АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАРЖЫ

ОРТАЛЫҒЫ

Астана қаласы

20_ жылғы «___» _______

 

№___

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының халықаралық шарттарға сәйкес жолданған, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

 

Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның (Страсбург, 1988 жылғы 25 қаңтар) 5-бабының 1-тармағына және ««Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қоса беріліп отырған «Астана» халықаралық қаржы орталығының халықаралық шарттарға сәйкес жолданған, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржы қызметтерін реттеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасына және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржы қызметтерін реттеу комитетінің басшысына жүктелсін.
  5. Осы бірлескен бұйрық тараптар оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі

Е. Жамаубаев

 

________________

 

2023 жылғы «___» ________

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы

 

 

Р. Бектұров

 

________________

 

2023 жылғы «___» _______

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары

– Қаржы министрінің

2023 жылғы ______ № ___ және

«Астана» халықаралық қаржы орталығы» Басқарушысының 

2023 ж. _____№ ___ бірлескен бұйрығына

қосымша

 

 

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының халықаралық шарттарға сәйкес жолданған, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді ұсыну қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Астана» халықаралық қаржы орталығының халықаралық шарттарға сәйкес жолданған, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамамен енгізілген түзетулермен Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 1988 жылғы 25 қаңтарда Страсбурте жасалған, Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның 5-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Конвенция) және ««Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген және «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – Орталық) халықаралық шарттарға сәйкес жолданған, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) ұсыну тәртібін айқындайды.

 

 

2-тарау. «Астана» халықаралық қаржы орталығының халықаралық шарттарға сәйкес жолданған, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібі

 

  1. Комитет шет мемлекеттің уәкілетті органынан сұрау салуды алған кезде Конвенцияның 5-бабының 1-тармағына сәйкес осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталыққа сұрау салу жолдайды.
  2. Орталық сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Комитетке жауап ұсынады.
  3. Мәліметтерді ұсыну электронды түрде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
  4. Шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуы бойынша Орталық пен Комитет арасындағы ақпарат алмасу шеңберінде алынған кез келген ақпарат құпия болып табылады және халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес пайдаланылады және үшінші тұлғаларға беруге жатпайды.

 

 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының халықаралық шарттарға сәйкес жолданған, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді ұсыну қағидаларына

қосымша

 

Нысан

 

 

Мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу

 

Күні ________                                                                                 № _____

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті:

_____________________________________________________________________

(«Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушының атауы, сәйкестендіру нөмірі)

 

қатысты мәліметтерге сұрау салады.

 

_____________________________________________________________________

(мемлекеттің атауы, шет мемлекеттің уәкілетті органының атауы, индексі, қала, мекенжайы)

 

сұрау салуды алды.

 

Мәлімет сұрау салынған салық кезеңі _____________________________________________________________________

(сұрау салынған ақпарат басталған күн, ай, жыл және кезең аяқталған күн, ай, жыл)

 

Сұрау салынған мәлімет ______________________________________________________________________

(қажетті мәліметтер көрсетіледі)

 

Жауапты ұсыну мерзімі _____________________________________________________________________

(қажет болған жағдайда шұғыл жауап алудың себебі көрсетіледі)

 

Қосымша: _____________________________________________________________________

(барлық қажетті құжаттар қоса беріледі)

 

Лауазымды адамның қолы _______________

Т.А.Ә. (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) ________________________

 

Орындаушының Т.А.Ә. (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))_____________

Телефон, электрондық пошта ________________

«Астана» халықаралық қаржы орталығының халықаралық шарттарға сәйкес жолданған, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
29 августа 2023