Сұрақ: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне тәжірибе өтуге болама?
Жауап: Оқу орындарының студенттері Қаржы министрлігі мен оқу орындары арасындағы қолданыстағы келісімдер негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдарында тәжірибеден өтеді. Келісім болмаған жағдайда, практикалық сабақтың мәселелері білім алушының мамандығын ескере отырып, оқу орны әкімшілігінің өтініші негізінде қаралады. Мамандық мемлекеттік орган қызметінің бағыттарына сәйкес келуі керек.
Жауап: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы азаматтардың мемлекеттік қызметке өтуі барлығына бірдей құқықты қамтамасыз етеді.
Жауап: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ЗРК Заңына сәйкес әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асыды.
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар туралы ақпарат Комитет пен оның аумақтық органдарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Комитет пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің интернет-ресурстарында орналастырылған.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Комитет пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурстарында хабарландыру жарияланған жағдайда, сіз белгіленген біліктілік талаптарын ескере отырып конкурсқа қатыса аласыз.