On amendments and additions to some legislative acts of the Republic of Kazakhstan on the issues of tracking international traffic

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы:

1-бап мынадай мазмұндағы 12) - 14) тармақшалармен толықтырылсын:

«12) тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесі – қадағалау объектісіне қатысы бар ақпараттарды беруді қамтамасыз ете отырып, навигациялық жүйелер мен навигациялық пломба технологиялары негізінде жұмыс істейтін бағдарламалық-аппараттық кешенді қоса, ақпараттық жүйе;

13) навигациялық пломба – навигациялық жүйелердің технологиялары негізінде жұмыс істейтін және қадағалау объектісіне қатысы бар ақпараттарды беруді қамтамасыз ететін пломбалау элементінен және электрондық блоктан тұратын техникалық құрылғы;

14) тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы – навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдауды қадағалауды қамтамасыз ететін ұлттық оператор ретінде осы Заңға сәйкес айқындалған заңды тұлға;

15) тасымалдауды қадағалау – навигациялық пломбаны іске қосуды, қадағалау объектісін бақылауды, навигациялық пломбаның белсенділігін жоюды және бақылау объектісін бақылау процесінде алынған деректерді беруді қамтитын процесс;

16) қадағалау объектісі – Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне сәйкес айқындалатын тауарлар (өнімдер), көлік құралдары.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

«6-1-бап. Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып халықаралық тасымалдауды қадағалау

  1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қазіргі заманғы техникалық және технологиялық шешімдерді пайдалану, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік шараларды және мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін қолдануды барынша азайту, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы тауарлардың заңды айналымын қамтамасыз ету мақсатында тасымалдау шеңберінде өткізілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары мынадай:

Еуразиялық экономикалық одаққа бір мүше мемлекеттің аумағында басталған және екінші мүше мемлекеттің аумағында аяқталатын;

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында басталған, екі және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүзеге асырылатын және олар басталған мүше мемлекеттің аумағында аяқталатын;

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде басталған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттің аумақтары бойынша жүзеге асырылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында аяқталатын;

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағында басталған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттің аумақтары бойынша жүзеге асырылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде аяқталатын;

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде басталған, екі және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша жүзеге асырылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде аяқталатын;

Қазақстан Республикасының аумағында басталған және аяқталған тасымалдарда навигациялық пломбаларды пайдалана отырып қадағалануы мүмкін.

Навигациялық пломбалардың сақталуын тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар қамтамасыз етеді.      

  1. Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тасымалдарды қадағалауды Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға және осы Заңға сәйкес тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы жүзеге асырады.
  2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында навигациялық пломбаларды салу және алу орындарын, навигациялық пломбаларды салатын (алатын) және салу (алу) кезінде қатысатын адамдарды, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында навигациялық пломбаларды салу (алу) жөніндегі операцияларды және оларды жасау тәртібін, навигациялық пломбаларды пайдалана отырып қадағалауды жүзеге асыру кезінде құжаттарды (мәліметтерді) беру, осындай құжаттарды (мәліметтерді) сақтау тәртібін қоса, сондай-ақ навигациялық пломбаларда бұрын жазылған ақпараттарды жою (өшіру) тәртібін Еуразиялық экономикалық комиссия көздеген жағдайларда Еуразиялық экономикалық комиссия не кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
  3. Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен тасымалдаушының навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тасымалдауды қадағалау кезіндегі өзара қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттық негізде жүзеге асырылады.
  4. Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен бақылаушы мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар арасындағы навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдарды қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылды (ақпараттық іс-қимылды қоса) жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ұлттық оператор мен бақылаушы мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар алмасатын мәліметтердің құрамын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тасымалдарды қадағалау жөніндегі жұмысты үйлестіруді кеден сфере саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

  1. Тасымалдаушылар мен навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдауға қатысатын өзге де тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға, Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының шешімдеріне және осы Заңға сәйкес навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тасымалдауларды қадағалау тәртібін сақтауға міндетті.»;

мынадай мазмұндағы 6-2-баппен толықтырылсын:

«6-2-бап.  Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы

  1. Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес арнаулы құқық субъектісі болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі арнаулы құқық субъектісі сияқты тәртіппен айқындайды (оның ішінде арнаулы құқық субъектісі мәртебесінен айырады).

Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын арнаулы құқық субъектісінің мәртебесінен айыру аталған субъект күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын екі және одан да көп бұзған немесе тасымалдарды қадағалау нарығында өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес белгіленген тауар нарығында өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланудан басқа, осы баптың талаптарын күнтізбелік бір жыл ішінде бұзушылықтардың бес және одан да көп жағдайларының не тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесі ұлттық операторының міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау жағдайларының болуы да тасымалдарды қадағалау нарығындағы осындай теріс пайдалану болып танылады.

Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік бола алады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі көлік түрлеріне байланысты бірнеше ұлттық операторларды айқындауы мүмкін.

  1. Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының міндеттері:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптарды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

2) Еуразиялық экономикалық комиссиясы белгілеген тәртіпке сәйкес навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдауды қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

3) аумақтары бойынша қадағалау объектілері тасымалданатын (тасылатын) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің уәкілетті ұлттық операторларына (органдарына) Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған тасымалдауды қадағалау жөніндегі мәліметтерді нақты уақыт режимінде ұсынады;

4) осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес алынған мәліметтер негізінде осындай тасымалдау туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, беруді (ақпаратты нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасының бақылаушы мемлекеттік органдарына және (немесе) ұйымдарына беруді қоса алғанда) және оны Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қадағалауды қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де әрекеттерді жүзеге асырады;

5) Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын штаттан тыс жағдай туындаған кезде және (немесе) навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тасымалдауды қадағалау кезінде санкцияланбаған іс-қимылды жүзеге асырған кезде тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесі ұлттық операторының іс-қимылдарын жасау тәртібін сақтайды;

6) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің жұмысын тұрақты негізде тәулігіне жиырма төрт сағат, аптасына жеті күн ішінде қамтамасыз етеді.

  1. Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
  2. Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдарды қадағалау жөніндегі қызметтерді ұсынады.

Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы Қазақстан Республикасының бақылаушы органдарымен және (немесе) ұйымдарымен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық (уәкілетті) операторларымен (органдарымен) навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдарды қадағалау бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберіндегі электрондық өзара іс қимыл субъектісі болып табылады.

  1. Арнайы құқық субъектісі ретінде тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес монополияға қарсы орган бекітеді.

Ұлттық оператордың (ұлттық операторлардың) Қазақстан Республикасының аумағында монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарының жолын кесуді монополияға қарсы орган жүзеге асырады.».

  1. «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында:

1-баптың 28-1), 32) тармақшалары, 14-1-бап, 45-баптың 6-тармағы алып тасталсын.

  1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі:

мынадай мазмұндағы 571-2-баппен толықтырылсын:

«571-2-бап. Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы

  1. Тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы, штаттан тыс жағдай туындаған кезде іс-әрекеттер жасау тәртібі мен мерзімдерін сақтамау және (немесе) навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тасымалдауды қадағалау кезінде санкцияланбаған іс-қимылды жүзеге асыру түрінде жасалған -

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, тасымалдауды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), –

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».

мынадай мазмұндағы 571-3-баппен толықтырылсын:

«571-3-бап. Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тасымалдауды жүзеге асыру кезінде навигациялық пломбаларды санкциясыз алу, бұзу, бүлдіру, жою, жоғалту, сақтауды қамтамасыз етпеу не санкциясыз ауыстыру 

  1. Тасымалдаушының навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тасымалдауды жүзеге асыру кезінде навигациялық пломбаларды санкциясыз алу, бұзу, бүлдіру, жою, жоғалту, сақтауды қамтамасыз етпеуі не санкциясыз ауыстыруы -

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.».

720-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекеттік кірістер органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 153, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 181-1, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (бұл бұзушылықтарға салықтар бойынша аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1, 460-2, 464, 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (бірінші және екінші бөліктерінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551, 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558, 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 571-1, 571-2, 571-3-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

On amendments and additions to some legislative acts of the Republic of Kazakhstan on the issues of tracking international traffic
Дата публикации
22 августа 2023