«Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 10592 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

««Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.»;

1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-параграф. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналдарын жүргізу»;

2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-параграф. Автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру»;

13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. 9-бағанда тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатының нөмірі көрсетіледі.

  1. 10-бағанда тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатының күні (күні, айы және жылы) көрсетіледі.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. 12-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. 9-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.»;

4-параграфтың тақырыбының орыс тіліндегі мәтіне өзгерістер енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33. 10-бағанда тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатының нөмірі көрсетіледі.»;

36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«36. 13-бағанда тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатының нөмірі көрсетіледі.

  1. 14-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі, қолы қойылады.»;

көрсетілген Қағидаларға 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

             Аты-жөні

«Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
08 августа 2023