Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 2023 жылдың 6 айында заңды және жеке тұлғалардан 10 264 өтініш келіп түсті, ең көп өтініштер саны салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша түсті.
Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен 10 264 өтініштің 7 631 – і қаралды, оның ішінде әкімшілік рәсім тәртібінде – 2 843, оңайлатылған рәсім тәртібінде-4 788.
Салық төлеушілерден жиі келіп түсетін мәселелердің бірі автокөлік құралдарын заңдастыру, сондай-ақ жеке тұлғалардың банкроттық мәселелері болып табылады.