«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы№ 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

     БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 16450 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі актісінің нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы қаулының нысаны;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес дебиторлардың банктік шоттардағы ақшасына өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаның нысаны;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждар, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегінің есебіне мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің күшін жою туралы шешімнің нысаны;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің нысаны;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарламаның нысаны;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының нысаны;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруін қамтамасыз етуден бас тарту туралы хаттаманың нысаны;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес құжаттарды не олардың көшірмесін алу актісінің нысаны;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қараудың қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нысаны;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес нұсқаманың нысаны;

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес нұсқамаға қосымша нұсқаманың нысаны;

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаның нысаны;

20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомалары туралы хабарламаның нысаны;

21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар туралы хабархат нысаны;

22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысаны;

22-1) осы бұйрыққа 22-1-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысаны;

23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімнің нысаны;

24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес бюджеттен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша салықтық тексеру актісіне қорытындының нысаны;

25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдарынан келіп түскен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен мәліметтерді мемлекеттік кірістер органының алуы туралы хабарламаның нысаны;

26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес салық есептілігін кері қайтарып алуға мемлекеттік кірістер органдары шешімінің нысаны;

27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;

28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салықтық есептіліктің ұсынылмауы туралы хабарламаның нысаны;

29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде жеке тұлғалардың декларацияларды тапсырмауы туралы хабарламаның нысаны;

30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің тұрған жерін (болмауын) растау туралы хабарламаның нысаны;

31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес салық талабының нысаны;

32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімнің нысаны;

33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімге қосымша шешімнің нысаны;

34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап нысаны;

34-1) осы бұйрыққа 34-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;

35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;

36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкерлерге арналған арнаулы салық режимін қолдануға патенттің нысаны;

37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес салық салу режимін қолдану туралы хабарламаның нысаны;

38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органы есепке жазған салықтар сомасы туралы хабарламаның нысаны;

39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының есептелген сомасы туралы хабарламаның нысаны;

40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындының нысаны;

40-1) осы бұйрыққа 40-1-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламадан және кедендік тексеру актісінен үзіндінің насаны;

40-2) осы бұйрыққа 40-2-қосымшаға сәйкес кешенді көшпелі кедендік тексеру жүргізу туралы хабарламаның нысаны;

40-3) осы бұйрыққа 40-3-қосымшаға сәйкес кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық кестесінің нысаны;

40-4) осы бұйрыққа 40-4-қосымшаға сәйкес бұзушылықты жою туралы хабарламаның нысаны;

40-5) осы бұйрыққа 40-5-қосымшаға сәйкес хабарламаның нысаны;

40-6) осы бұйрыққа 40-6-қосымшаға сәйкес бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысаны;

40-7) осы бұйрыққа 40-7-қосымшаға сәйкес камералдық кедендік тексерудің алдын ала актісінің нысаны;

41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес құжаттар мен түсіндірмелерді ұсыну туралы талаптың нысаны;

42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен алшақтықтар туралы хабарламаның нысаны;

43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес ірі салық төлеушілердің мониторинг нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша уәжді шешімнің нысаны бекітілсін.»;

осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 19 және 22-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың               1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрық
Дата публикации
03 июля 2023