On approval of the Rules for passing through the State Border of the Republic of Kazakhstan of motor vehicles, cargo and goods, including using the electronic queue system on a paid basis

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 8-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
On approval of the Rules for passing through the State Border of the Republic of Kazakhstan of motor vehicles, cargo and goods, including using the electronic queue system on a paid basis
Дата публикации
30 июня 2023