Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы бірлескен бұйрық

   Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі) 227-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Қоса беріліп отырған Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

     2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

            3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың  1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықтың техникалық орындалуын қамтамасыз етеді.
  2. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Қаржы министрі

 «Астана»

халықаралық қаржы орталығының басқарушысы

 

бірлескен бұйрықпен

бекітілді

 

Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалар

тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 227-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік;

 цифрлық активтер биржасы – цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, айналысын және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын цифрлық платформа;

цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға.

 

2-тарау. Цифрлық активтердің құнын айқындау тәртібі

 

  1. Цифрлық активтердің құны цифрлық майнинг пулының, осындай цифрлық активтерден алынған цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның кірісін айқындау мақсатында кіріс алынған күнге осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді, сондай-ақ цифрлық активтер туралы өзге ақпаратты беретін тұлғалармен жасалған шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді жариялайды.

Мұндай Шарт болмаған жағдайда Комитет күн сайын CoinMarketCap (coinmarketcup.com) ашық дереккөзінің деректері бойынша осы Қағидалардың
8-тармағында көрсетілген цифрлық активтердің құнын тәулік (24 сағат) ішінде цифрлық активтердің нарықтың капиталдандыру деректері мен цифрлық активтер айналымының көлемі туралы деректерге сүйене отырып айқындайды.

Цифрлық активтердің құны мына формула бойынша айқындалады:

Р =  * К,

мұнда:

Р – тәуліктегі (24 сағат) цифрлық активтердің құны;

Mcap – Америка Құрама Штаттарының долларындағы цифрлық активтердің нарықтағы капитализациясы;

V – тәулікте (24 сағат) цифрлық активтердің сауда-саттық көлемі;

К – кіріс алынған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы.

  1. Цифрлық активтер биржасының кірісін айқындау мақсатында алынған цифрлық активтердің құны кіріс алынған сәттегі цифрлық активтердің қолданылатын құны бойынша айқындалады.
  2. Белгілі бір шетел валютасына тіркелген құны бар цифрлық активтер айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған тиісті шетел валютасын айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасына қайта есептеледі.

3-тарау. Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін жариялау тәртібі

  1. Комитет ай сайын деректер жарияланған айдан кейінгі айдың
    10-ы күнінен кешіктірмей осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді Комитеттің интернет-ресурсында жариялайды.
  2. Bitcoin (BTC), BitcoinCash (BCH), Dash (DASH), Dogecoin (Doge), EthereumClassic (ETC), Horrizen (ZEN), Litecoin (LTC), Monero (XMR), Litecoin (LTC), Siacoin (SC), Thronix (TRX), Zcash (ZEC) цифрлық активтердің құны жариялануға жатады.

Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі цифрлық майнинг пулының өтініші  негізінде толықтырылады.

Комитет цифрлық активтердің құнын жариялауды майнинг пулының өтініші негізінде, осындай өтінішті алған күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде жүзеге асырады.

Бұйрықтың жобасы
Дата публикации
04 мая 2023