«Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидаларын, сондай-ақ әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

   

    БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидаларын, сондай-ақ әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы №808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19180 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

     кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

     «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 171-бабының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес БҰЙЫРAМЫН:»;

      Бұйрықта көрсетілген 1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және
2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

     1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

     2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазым                                                                               Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұйрықтың жобасы
Дата публикации
28 апреля 2023