«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

                   Астана қаласы                                                                                                             город Астана                                                                                                              

 

 

«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші
    орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы
    20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

116) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«116) осы бұйрыққа 116-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;»;

118) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«118) осы бұйрыққа 118-қосымшаға сәйкес «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;»;

мынадай мазмұндағы 119), 120), 121) 122), 123), 124), 125), 126), 127), 128), 129), 130), 131), 132), 133) және 134) тармақшалармен толықтырылсын:

«119) осы бұйрыққа 119-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан);

120) осы бұйрыққа 120-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;

121) осы бұйрыққа 121-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысаны (200.00-нысан);

122) осы бұйрыққа 122-қосымшаға сәйкес «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;

123) осы бұйрыққа 123-қосымшаға сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (220.00-нысан);

124) осы бұйрыққа 124-қосымшаға сәйкес «Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;

125) осы бұйрыққа 125-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияның нысаны (300.00-нысан);

126) осы бұйрыққа 126-қосымшаға сәйкес «Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;

127) осы бұйрыққа 127-қосымшаға сәйкес көлік құралы салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларацияның нысаны (700.00-нысан);

128) осы бұйрыққа 128-қосымшаға сәйкес «Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (700.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;

129) осы бұйрыққа 129-қосымшаға сәйкес цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларацияның нысаны (880.00-нысан);

130) осы бұйрыққа 130-қосымшаға сәйкес «Цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация (880.00 нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;

131) осы бұйрыққа 131-қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның нысаны (910.00-нысан);

132) осы бұйрыққа 132-қосымшаға сәйкес «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация (910.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;

133) осы бұйрыққа 133-қосымшаға сәйкес бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияның нысаны (920.00-нысан);

134) осы бұйрыққа 134-қосымшаға сәйкес «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, «Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (700.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Аталған нысан 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы
31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

«13-1. Аталған нысан 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы
31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, «Жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Аталған нысан 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы
31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация (910.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Аталған нысан 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы
31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, «Қосылған құн салығы бойынша декларация (300.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Аталған нысан 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы
31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, «Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация (920.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Аталған нысан 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы
31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (200.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:

1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1. Аталған нысан 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы
31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;

осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және
16-қосымшаларға сәйкес 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133 және 134-қосымшалармен толықтырылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының он жетінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Қаржы министрінің міндетін атқарушы

 

Е. Жамаубаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Результаты согласования

Министерство финансов Республики Казахстан - И.о. директора Асемгуль Жамбуловна Изтлеуова, 29.03.2023 09:32:30, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 30.03.2023 09:19:27, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Қаржы министрінің міндетін атқарушы Е. Жамаубаев, 30.03.2023 10:00:46, положительный результат проверки ЭЦП

Бұйрық
Дата публикации
28 апреля 2023