Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 294 бұйрығына
5-қосымша
«Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Келу тәртібімен – көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесімен қабылданады және көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды өңдеуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
Электронды түрде – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 97 бабының 1 тармағы
4 тармақшасында көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жүгінгенге дейін, Кодекстің 101 бабы 1 тармағының екінші бөлігіне сәйкес, мемлекеттік кірістер органына осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалаушының кепіл мүлкінің нарықтық құнын бағалау туралы есебін қоса бере отырып, мүлік кепілі шартын жасау туралы өтініш ұсынады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:
Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдер бойынша кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператор міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауды тіркеу туралы өтінішті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисіндегі электрондық құжат ұсынылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы, егер Заңда өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды тұлғаның электронды цифрлық қол қоюымен расталған электрондық құжат нысанында алады.
Оларда қамтылған ақпараттар мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алынған жағдайда құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды қабылдауын растауы осы Қағиданың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген, күні, уақыты, құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның қолы, тегі және аты-жөні бар өтініштің көшірмесіне белгі қою болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесінде күні, уақыты көрсетіле отырып хабарлама жолданады.
1) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдермен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде Кодекстің 98-бабының
5-тармағының бірінші бөлігіне, 99-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне,
100-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіне және 102-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес оларды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн мерзімде;
2) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген тәртіппен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету кезінде осы Кодекстің 101-бабына сәйкес оларды кепіл мемлекеттік тіркеу органында ресімделген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күн мерзімде жасалады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды электронды түрде ұсынған кезде құжаттарды өңдеу автоматты түрде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушы осы тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар топтамасын электронды түрде толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің
(бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізбей, электронды түрде ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын (қағазда) ұсынған жағдайда:
Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген тәсілдермен көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтініште көрсетілген мәліметтердің және (немесе) ұсынылған құжаттардың Кодекстің 98, 99, 100, 101 және
102-баптарында және осы Қағиданың 3-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы келу тәртібімен құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған, не осы Қағида тармақшаның үшінші бөлігінде көзделген тәсілдермен мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ӘРПК-тің 73-бабы 2-тармағының
3) тармақшасына сәйкес тыңдау жүргізбей, электронды түрде ұсынылған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Қазақстан Республикасы заңдарымен бекітілген, тізбенің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжат тапсырылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жолдайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама, көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметшілерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган
(бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағымдар шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
«Кедендік баждарды,
салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына
1-қосымша
|
«Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті |
|
2 |
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілі |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады. |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
1) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 2) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды (жартылай автоматтандырылған)/ қағаз түрінде |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуді ресімдеу Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі. |
|
6 |
Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, кедендік іс саласындағы уәкілетті орган тәулік бойғы жұмыс режимін бекіткен көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда, жүзеге асырылады. 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек Кодексіне және мерекелер туралы Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге: 1) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының «Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің таңдалған түріне сәйкес, осындай қамтамасыз етуді растайтын келесі құжаттардың бірін: Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және кепіл беруші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігін; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (бұдан әрі – Азаматтық кодекс) сәйкес жасалған кепілгерлік шарты; төлеуші және (немесе) үшінші тұлға мен көрсетілетін қызметті беруші арасында жасалған мүліктік кепілдік шарты, бағалаушының кепіл мүлігінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі және мүлікті сақтандыру шарты қосымшасы; сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттарды табыс етеді.
Құжаттарды портал арқылы берген кезде: 1) Кодекстің 97-бабы 1-тармағының кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің таңдалған түріне сәйкес, осындай қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін: Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және кепіл беруші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шарты және банк кепілдігінің электрондық көшірмесі; Азаматтық кодекске сәйкес жасалған кепілгерлік шартының электрондық көшірмесі; төлеуші және (немесе) үшінші тұлға мен көрсетілетін қызметті беруші арасында жасалған мүліктік кепілдік шартының электрондық көшірмесі, бағалаушының кепіл мүлігінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі және мүлікті сақтандыру шарты қосымшасы; сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттардың электрондық көшірмесін табыс етеді. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) ақшаны кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануында; төленуі ақша енгізу арқылы қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, Кодекстің 98-бабы 2) банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында: берілген банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі Азаматтық кодексі пен банктік заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе; төленуі банк кепілдігімен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, Кодекстің 99-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, банк кепілдігімен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе; банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі Кодекстің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе; 3) кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында: ұсынылған кепілгерлік шарты Азаматтық кодексіне сәйкес келмесе; кепілгерлік шартына ұсынылған банк кепілдігін қабылдаудан бас тарту үшін Кодекстің кепілгерлік шартына ұсынылған мүлік кепілі шарты Кодекстің 101-бабы 3-тармағында белгіленген мүлік кепілі шартын жасасу талаптарына сәйкес келмесе; кепілгерлік шартына ұсынылған сақтандыру шартын қабылдаудан бас тарту үшін Кодекстің кепілгер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етпесе; төленуі кепілгерлік шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының үшінші бөлігі ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, кепілгерлік шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе; 4) мүлік кепілін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында: мүлік кепілі шарты Азаматтық кодексіне сәйкес келмесе; кепілге берілетін мүлік өтімді, жойылудан немесе бүлінуден сақтандырылған болмауға тиіс; мүлік кепілі шарты Кодекстің 97-бабы Кодекстің 101-бабы 3-тармағында белгіленген шарттар сақталмаған кезінде; 5) сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында: төленуі сақтандыру шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, Кодекстің 102-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, Кодекстің 104-бабына сәйкес есептелген, сақтандыру шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе; сақтандыру шарты Кодекстің 97-бабы сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса, сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www. kgd. gov. kz, www. minfin. gov. kz интернет-ресурстарында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777. |
«Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына
2-қосымша
нысан
_________________________
(заңды тұлғаның толық атауы/
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінін
аты (болған кезде)
____________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________
(нақты мекенжайы/тұрғылықты
жері)
____________________________
(бизнес-сәйкестендіру
нөмірі/жеке сәйкестендіру
нөмірі)
____________________________
(электрондық мекенжайы,
телефон)
____________________________
(мемдекеттік кірістер
органының атауы)
Мүлік кепілі шартын жасау туралы өтініш
«Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 101-бабының 1-тармағына сәйкес
(бұдан әрі – Кодекс) мүлік шартын жасауға өтінішті кабылдауыңызды сұраймын.
Осы өтінішпен кепілге ұсынылған мүлік ____________________________________________________________________________________________________________________________________
(кепілдегі заттың атауы және оның нақты мекенжайы)
_____________________________________ мынадай талаптарға жауап беретінін растаймын:
Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді
өтімділік болып табылады;
жоғалғаннын немесе бұзылғаннан сақтандырылған (құжат нөмірін (болған кезде) және растайтын құжаттың күні көрсетіледі);
тыйым салынған мүлік болып табылмайды*;
мүлікке мемлекеттік органдармен шектеулер қойылмаған*;
мүлік жеке меншікте және үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбаған** ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
** Кепілдік мүлік шарты үш тарапты болған жағдайда толтырылады, кепіл нысанасы үшінші тұлғаның жеке меншігі болып табылған жағдайда мынадай мәліметтер көрсетіледі: заңды тұлғаның толық атауы/ кепіл нысанының меншік иесі болып табылатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе); заңды мекенжайы; нақты мекенжайы/тұрғылықты жері; бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі; электронды мекенжайы, телефоны.
Өтінішке қосымша:
мүлік кепілі шартының жобасы__________________________________________________________________________________________________________________________________;
кепілдік мүліктің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебі:_____________________________________________________________
(болған кезде нөмірі және күні)
Қосымша: ___ парақ (-та).
Берген күні: ____________________
Заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінін аты (болған кезде)_____________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінін аты (болған кезде)_____________________________
Қолы ________________
«Кедендік баждарды,
салықтарды, арнайы, демпингке
қарсы, өтем баждарды төлеу
жөніндегі міндеттердің
орындалуын, сондай-ақ кеден ісі
саласында қызметін жүзеге
асыратын заңды тұлғаның және
(немесе) уәкілетті экономикалық
оператордың міндеттерінің
орындалуын қамтамасыз етуді
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
3-қосымша
нысан
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы
немесе жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (егер ол жеке басты
куәландыратын құжатта
көрсетілсе)
____________________________
(заңды мекенжайы)
____________________________
(нақты мекенжайы немесе
тұрғылықты жері)
____________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі
немесе жеке сәйкестендіру
нөмірі)
____________________________
(электрондық мекенжайы,
телефон)
____________________________
(мемлекеттік кірістер
органының атауы)
Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтініш
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс)
98-бабының 4-тармағына,
99-бабының 1-тармағына,
100-бабының 1-тармағына,
101-бабының 1-тармағына
және 102-бабының 1-тармағына
сәйкес кедендік баждарды, салықтарды, төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді (бұдан әрі – міндеттерді орындауды қамтамасыз ету) қабылдауыңызды сұраймын.
Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізудің шарттарын сақтау туралы хабарламаны тіркеу күні (уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер тұлға) толтырады________________________________________________________
Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді:
Осы қамтамасыз ету кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын бас қамтамасыз етуі болып табыла ма
ия
Жоқ
|
№ |
Тауардың атауы |
Тауардың мөлшері, салмағы (өлшем бірліктерін көрсету) |
Еуразиялық экономика одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номерклатурасының коды |
Тауардың құны |
Келісімшаттың, коммерциялық құжаттардың нөмірі және күні (болған кезде) |
|
№ |
Міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі (тәсілдері) |
Міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің қолданыс мерзімі |
Міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері |
Міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжаттың нөмірі (болған кезде) және күні |
|
1 |
Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы |
|
|
|
|
2 |
Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы |
|
|
|
|
3 |
Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы |
|
|
|
|
4 |
Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы |
|
|
|
|
5 |
Кодекстің 97-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы |
|
|
|
Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді:
|
Кеден операцияларының түрі |
|
|
|
Кодекстің 194-бабы |
|
|
Кодекстің 195-бабы |
|
|
Кодекстің 196-бабы |
|
|
Кодекстің 226-бабы |
|
|
Кодекстің 257-бабы |
|
|
Кодекстің 354-бабы |
|
|
Кодекстің 387-бабы |
|
|
Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы |
|
|
Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 2) тармақшасы |
|
|
Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы |
|
|
Кодекстің 96-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы |
Тиісті ұяшықтардан бір немесе бірнеше ұяшық Х белгісімен белгіленеді:
|
Кедендік тізілім |
||
|
|
кедендік өкілдер |
|
|
|
кедендік тасымалдаушылар |
|
|
|
уәкілетті экономикалық операторлар |
|
|
Мәліметтер қамтамасыз ету сертификатын ресімдеу жағдайында толтырылады |
||
|
Кеден транзит кедендік рәсіміне тауарды орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасайтын жөнелтуші кеден органы |
|
|
|
Межелі кеден органы |
|
|
|
Алдыңғы қамтамасыз ету сертификатының тіркеу нөмірі (болған кезде) |
|
|
|
Коммерциялық және көліктік (тасымалдау) құжаттар туралы мәліметтер |
|
|
Осы өтінішке:
кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің таңдап алған тәсіліне (тәсілдеріне) байланысты:
1) Кодекстің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларына көрсетілген құжаттар;
2) кепіл беруші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігі;
3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекске сәйкес жасалған кепілгерлік шарт;
4) мүліктік кепілдік шарты, бағалаушының кепіл мүлігінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі және мүлікті сақтандыру шарты;
5) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттары қоса беріледі.
Қосымша: ___ парақ (-та).
Берген күні: ____________________
Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) _____________
Қолы ________________