"Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы

 

Қаржы Министрдің
міндетін атқарушы
2020 жылғы 10 шілдесі
№ 665 бұйрығына 17-қосымша

"Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және "Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетіледі.

      Келу тәртібімен – көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесімен қабылданады және көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды өңдеуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 461 бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

      Құжатты қабылдаған тұлғаның аты-жөні, фамилиясы, қолы қойылған, қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің өтініш көшірмесіне белгі қою қабылдаудың растауы болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті алушы Кеден кодексінің 461 бабына сәйкес көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты тұлға өтінішті келіп түскен күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде қарайды және зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы немесе зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы шешiмi көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресiмделедi.

      Заңның 5 бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе Кеден кодексінің 461 бабында көрсетілген жағдайлар және негіздемелер бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарудан бас тарту уәжделген жауап қағаз жеткізгіште беріледі.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажет ақпараттарды сақтайтын ақпараттық жүйелер істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті берушілер істен шыққан уақыттан бастап 30 (отыз) минут ішінде электронды пошта арқылы e-okno@mgd.kz қолдау қызметіне сұрау жолдайды, онда мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға берген өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), көрсетілетін қызметті алышуның атауы, жүйелі және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің нұсқасы көрсетіледі және қатеге әкеліп соққан әрекеттер тізбегі мазмұндап берілуі қажет.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4 бабы 1-тармағы 6)-тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

 

"Авторлық құқық пен сабақтас
құқық, тауар таңбалары, қызмет
көрсету таңбалары обьектілерін
және тауарларды шығарған
жерлердің атауларын зияткерлік
меншік обьектілерінің кедендік
тізіліміне енгізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
1-қосымша

 

"Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету каналдары

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 20 (жиырма) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар мен мәліметтердің анықтығын тексеру мақсатында өтінішті қарау мерзімін 20 (жиырма) жұмыс күніне дейін ұзартады;
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін
уақыты – 20 (жиырма) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен ресімделген авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы шешімін беру не Қағиданың осы 1-қосымшасының 9–тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасы заңдарымеп белгіленген ақыны алу әдістері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Қызметті берушің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) сәйкес сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www.kgd.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушының мүддесін білдіретін өзге тұлға жүгінген кезде:
1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау туралы туралы өтініш;
2) зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілілігін растайтын құжаттар (түпнұсқалар не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) (куәлік немесе құқық беру туралы, оның ішінде лицензиялық шарт не Қазақстан Республикасы зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме немесе халықаралық тіркеу бойынша тауар белгісінің құқықтық мәртебесі туралы анықтама (үзінді көшірме) немесе құқық иеленуші немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлға зияткерлік меншік объектілеріне өзінің құқықтарын растауға ұсына алатын басқа да құжаттар);
3) құқық иеленуші өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхат;
4) зияткерлік меншік объектілері бар бірегей тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың айырым белгілерінің бейнелері;
5) зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін, оларға қатысты олардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған болып табылатын тауарлар деген болжам жасалған жағдайда – егер тауарлардың зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған тауарлар болып табылмайтыны анықталса, құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның декларантқа және өзге тұлғаларға мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі;
6) өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты қоса беріледі.
Бұл ретте сақтандыру сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдіретін өзге тұлға көрсетілетін қызметті берушіге зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар бұзылған тауарларды анықтауға мүмкіндік беретін зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың үлгілерін де өтінішке қоса беруге құқылы.

9

Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздемелері

1) көрсетілетін қызметті алушының Қағидаға осы 1-қосымшаның 8–тармағында көрсетілген мәліметтерді толық емес немесе анық емес ұсынуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қағидаға осы 1-қосымшаның 8–тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;
3) зияткерлік меншік объектілері бар бірегей тауарлардың және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұзушылық белгілері бар тауарлардың айырым белгілерінің сипаттамалары мен бейнелерін ұсынбауы негіздемелер болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

 

 

"Авторлық құқық пен сабақтас
құқық, тауар таңбалары, қызмет
көрсету таңбалары обьектілерін
және тауарларды шығарған
жерлердің атауларын зияткерлік
меншік обьектілерінің кедендік
тізіліміне енгізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидасына
2-қосымша

 

нысан

 

____________________________
(жеке/заңды тұлғаның толық
атауы)
____________________________
(заңды мекен-жайы)
____________________________
(нақты мекен-жайы/тұрғылықты
жері)
____________________________
(бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)
____________________________
(электрондық мекен-жайы,
телефоны)
____________________________
(мемлекеттік кірістер
органының атауы)

Зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау туралы туралы өтініш

      Сізден "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 461-бабының 2-тармағына сәйкес

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (тиісті зияткерлік меншік объектiлерi туралы ақпарат)

      ______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің зияткерлік меншік объектiлерiнің кедендік тiзiлiмiне енгізуді сұраймыз.

      құқық иеленуші туралы мәліметтер:

      _____________________________________________________________

      (жеке/заңды тұлғаның толық атауы,

      _______________________________________________________________

      заңды, нақты мекен-жайы, ЖСН/БСН, электрондық мекен-жайы, веб-сайт, телефон)

      Өкілі туралы мәліметтер:

      ______________________________________________________________

      (жеке/заңды тұлғаның толық атауы,

      _______________________________________________________________

      заңды, нақты мекен-жайы, ЖСН/БСН, электрондық мекен-жайы, веб-сайт, телефон)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттардың қолданылу мерзімі ескеріле отырып, жаңа/қолданыста болған, Қазақстан Республикасына/ Қазақстан Республикасынан әкелінетін/әкетілетін (қажеттісінің астын сызу) зияткерлік меншік объектілері бар тауарларға құқық иеленушіге оның құқықтарын қорғауда кеден органдарының жәрдемдесуі қажет болатын мерзім

      ____________________________________________________ туралы ақпарат.

      (күн/ай/жыл)

      Фотосуреттерді қоса бере отырып (фотосуреттер бейнелеу форматтағы электрондық түрде қоса беріледі), зияткерлік меншiк объектiсi бар тауарлардың

      сипаттамасы____________________________________________________

      _______________________________________________________________.

      Мемлекеттік кірістер органдарына зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарын анықтауға мүмкiндiк беретiн тауарлар туралы егжей-тегжейлі мәлімет, ерекше белгілерінің сипаттамасы (фотосуреттер бейнелеу форматтағы электрондық түрде қоса беріледі)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________.

      Құқық иеленуші зияткерлік меншік объектілерін пайдалануға келісім берген адамдар тұлғалар (уәкілетті импорттаушылар/экспортаушылар)

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________.

      (заңды тұлғаның атауы, мекен-жайы, ЖСН/БСН)

      ___ данадан аз немесе тең зияткерлік меншiк объектiсi бар тауарларды өткізуге құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүддесін білдіретін өзге де тұлғаның келісімі қажет емес.

      Кестеге сәйкес сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес бірінші алты таңба деңгейінде тауарлар коды, атауы көрсетіле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде зияткерлік меншік объектілері бойынша деректер:

р/с
№

Зияткерлік меншік объектісінің атауы (түрі, бейнесі)

Тауарлардың атауы, ТҚХЖ бойынша тауарлардың класы/ ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша ірінші алты таңба деңгейіндегі тауарлардың коды

Құқық иеленушi туралы мәліметтер, мекен-жайы

Қорғау құжатының атауы, нөмірі және берілген күні

Зияткерлік меншік объектісінің қорғау мерзімі

Құқық иеленушінің сенімді тұлғалары туралы мәліметтер

             

      Кестеде мемлекеттік және орыс тілдерінде мына мәліметтер толтырылады:

      зияткерлік меншік объектісінің атауы (түрі, сипаттамасы, бейнесі);

      тауарлардың атауы, тізілімге енгізуге жататын тауарлардың қорғау құжатына сәйкес тауарлар мен қызметтің халықаралық жіктеуіші бойынша тауарлардың класы, Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша бірінші алты таңба деңгейіндегі тауарлар коды;

      құқық иеленушi туралы мәліметтер (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, почталық мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық мекен-жайы);

      қорғау құжатының атауы, нөмірі және берілген күні;

      құқық иеленушіге оның құқығын қорғауда мемлекеттік кірістер органдарының жәрдемі қажет болатын зияткерлік меншік объектісіне қорғау мерзімі;

      құқық иеленушінің оның мүдделерін сенімхат бойынша не лицензиялық шарттың негізінде білдіретін сенімді тұлғалары туралы мәліметтер (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, орналасқан жері, почталық мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық мекен-жайы).

      Тек қана "Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету шеңберінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін____________________________________________________________

      _______________________________________________________________.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмыз:

      Зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілі екендігін растайтын (куәлік, лицензиялық шарт, Қазақстан Республикасы тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме, халықаралық тіркеу бойынша тауар таңбасының құқықтық мәртебесі туралы анықтама немесе зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушінің өзінің мүдделерін білдіретін тұлға өз құқығын растауға бере алатын басқа құжаттар) құжаттар (түпнұсқалар не олардың нотариат куәландырған көшірмелері)

      _______________________________________________________________.

      Құқық иеленушінің өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты;

      Зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін декларантқа және өзге адамдарға залалды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының шығынын өтеу туралы өтініш берушінің міндеттемесі;

      Өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты;

      Зияткерлік меншік құқығын бұзу фактілерін растайтын құжат;

      Зияткерлік меншiк объектiсi бар тауарлардың (мүмкіндігі бойынша) және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың үлгілері, оның ішінде олардың электрондық түрдегі бейнелері

      ________________________________

      _______________________________________________________________.

      Электрондық тасымалдағыш (барлық қағаз тасымалдағышта ұсынылатын құжаттар электрондық тасымалдағышқа көшірілген) ______________________.

      Ескертпе:

      *ТҚХС – Тауарлар мен қызметтің халықаралық жіктеуіші;

      *ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.

      Қосымша:___ парақта.

      Берген күні: ____________________

      Заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) __________

      Қолы ___________

Дата публикации
06 марта 2023