«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қазақстан Республикасында 2010 жылғы
1 шілдеге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану саласында туындаған құқықтық қатынастарға оның кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу жөніндегі ережелерін қолданбау бөлігінде өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
- 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қазақстан Республикасында 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану саласында туындаған құқықтық қатынастарға оның кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу жөніндегі ережелерін қолданбау бөлігінде өзгеріс енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойылсын.
- Осы Жарлық қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ. Тоқаев
Астана, Ақорда, 2023 жылғы
№