Тауарларды шығарудың орташа уақытын айқындау әдістемесін бекіту туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Астана қаласы
2022 жыл
ғы «05» желтоқсандағы
№ 698

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Агроөнеркәсіптік кешендегі

 мемлекеттік инспекция

комитеті

Астана қаласы
20
22 жылғы «24» қарашадағы

№ 182-н

 

 

 Қазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіАстана қаласы
2022 жылғы «25» қарашадағы
№ 436

 

 

Қазақстан РеспубликасыҰлттық қауіпсіздік комитетініңШекара қызметі Астана қаласы
2022 жылғы «30» қарашадағы  
№ 573
 

 Тауарларды шығарудың орташа уақытын айқындау

әдістемесін бекіту туралы

 БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

Дүниежүзілік сауда ұйымының «Сауда рәсімдерін оңайлату туралы» Келісімінің 7-бабының 6.1-тармағын, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары 2018 жылғы 18 қаңтардағы
№ 17-5/46 бекіткен Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда рәсімдерін оңайлату туралы келісімінің «В» және «С» ережелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 8-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Тауарларды шығарудың орташа уақытын айқындау әдістемесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңҚаржы министрлігі Мемлекеттік кірістеркомитетінің төрағасы
______Д. Жанәлінов
 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасыныңміндетін атқарушы
________Қ. Әлиев
  
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы
_______А. Жақыпбаев
 
Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары –   Шекара қызметінің директоры________Е. Алдажұманов  

 

 

 

Бірлескен бұйрық
Дата публикации
07 февраля 2023