«Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

 

МИНИСТЕРСТВО

ФИНАНОВ

 РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

  № 1334       от 28 декабря 2022 года

 

«Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 1188 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілді:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында астық нарығына қатысушыларға қатысты 2021 жылғы 1 желтоқсаннан 2024 жылғы
30 маусымға дейін іске асырылады.

Пилоттық жоба шеңберінде ҚҚС асып кетуін қайтару 2021 жылдың үшінші тоқсанынан 2023 жылғы төртінші тоқсанға дейінгі салық кезеңдерінде туындаған сомалар бойынша жүзеге асырылады.»;

6-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынандай редакцияда жазылсын:

«Осы тармақшаның мақсаттарында тауарларды тұрақты өткізуге ҚҚС бойынша декларация табыс етілген салық кезеңінің алдындағы 2 (екі) жүйелі салық кезеңі ішінде әрбір тоқсанда кемінде бір рет жүзеге асырылатын нөлдік ставка бойынша салық салынатын (өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 (жетпіс) пайыз) тауарларды өткізу жатады ҚҚС асып кеткен соманы қайтару туралы талапты көрсете отырып;»;

7-тармақта:

бірінші бөлігі мынандай редакцияда жазылсын:

«7. ҚҚС асып кету сомасын қайтарып алу үшін экспорттаушы мемлекеттік кірістер органына экспорттаушы және/немесе оның өнім берушісі/бірінші және одан кейінгі деңгейдегі өнім берушілер астық нарығына қатысушыларға қосылған құн салығының асып кету сомасын оңайлатылған қайтару жөніндегі пилоттық жобаның қатысушылары болып табылатын салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап (бұдан әрі – талап) қояды.»;

үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Талап ҚҚС бойынша кезекті декларацияда (300.00-нысан)
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы
20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген ҚҚС бойынша декларацияларға «Қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомалары жөніндегі мәліметтер» № 9 қосымшада (бұдан әрі – № 9 қосымша) осы Қағидаларда көзделген ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібі және (немесе) Салық кодексінің 431-бабында көзделген тәртіп қолданылатын салық кезеңдерін бөле отырып көрсетіледі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік кірістер органы, егер:

1) экспорттаушы Меморандум қатысушысы болып табылмаса және (немесе) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмесе, Пилоттық жоба шеңберінде ҚҚС асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқықтың жоқтығы туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Салық кодексінің 431-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтару тәртібін экспорттаушының қолдану құқығы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді;

2) экспорттаушының дербес шотында ҚҚС асып кету сомасының болмауы анықталған және (немесе) Салық кодексінің 208, 209, 210 және
424-баптарында белгіленген ҚҚС бойынша салық есептілігін табыс ету тәртібі мен мерзімдері бұзылған жағдайда, ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде экспорттаушыға талапты қараудан бас тарту туралы хабарлайды.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде мемлекеттік кірістер органы олар бойынша экспортер берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер жасау қажет болатын салық төлеушілердің тізімін мынадай мерзімдерде:

банк кепілдігі болған жағдайда, осы Қағидалардың 18-тармағының
1) тармақшасында көзделген мерзім өткенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей;

банктік кепілдік болмаған кезде – қорытындыға қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қалыптастырады.»;

12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте экспорттаушының берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер өкім жасалған күні қалыптастырылады.»;

16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Расталуға жататын ҚҚС асып кету сомасы «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
19 наурыздағы № 391 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16669 болып тіркелген) Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарының
53- тармағында белгіленген тәртіппен айқындалады.

  1. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кету сомасын айқындау кезінде мыналар ескеріледі:

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңында айқындалған тәртіппен ашылған Қазақстан Республикасының аумағындағы уәкілетті банктердегі салық төлеушінің банктік шоттарына валюталық түсім түскен тауарлар экспорты;

ЕАЭО кедендік аумағынан экспорттың кедендік рәсімінде тауарларды әкету фактісі.

Тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағына экспортталған кезде, осы Қағидаларға сәйкес қайтарылуға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде Салық кодексінің
447-бабында көрсетілген құжаттардан мәліметтер ескеріледі;

«AstyqQoyma» АЖ-дегі астықтың шығарылуы мен қозғалысы;

ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулінде («AstyqQoyma» АЖ арқылы ресімделген) тауарларға ілеспе жүкқұжатқа сәйкес астықты өндірушіден экспорттаушыға дейін өткізу.»;

34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«34. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша расталмаған Меморандум қатысушылары арасындағы өзара есеп айырысулар бойынша ҚҚС асып кету сомасы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілердің салықтық бұзушылықтарды жоюына қарай, экспорттаушының Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кейінгі салық кезеңдерінде ҚҚС қайтару туралы талапқа енгізуі арқылы Салық кодексінің 431-бабында көзделген тәртіппен қайтаруға жатады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1, 2 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі

 

Е. Жамаубаев

 

 

 

28.12.2022 ж. БҰЙРЫҚ № 1334
Дата публикации
04 января 2023