Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде
    шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
    2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларында:

22-тармақтың 5) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5) «Айналым жасалған күн» деген 3-жолда Салық кодексінің 379-бабына немесе 442-баптарына сәйкес айқындалған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күн көрсетіледі (жол міндетті түрде толтыруға жатады).»;

мынадай мазмұндағы 73-1-тармақпен толықтырылсын:

«73-1. «Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша деректер» деген G бөлімін толтыру кезінде, ТІЖ негізінде ЭШФ жазып беру кезінде
ТІЖ-де және ЭШФ-да көрсетілетін тауарлар бойынша деректер бірдей болуы тиіс.»;

мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

«75-1. «Бірлескен қызметке қатысушылардың тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтері бойынша деректер» деген Н бөлімін толтыру кезінде, ТІЖ негізінде ЭШФ жазып беру кезінде ТІЖ-де және ЭШФ-да көрсетілетін тауарлар бойынша деректер бірдей болуы тиіс.»;

2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағында:

акцизделетін өнімдер, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету бойынша және виртуалды қойма арқылы ЭШФ жазып беруге жататын тауарлар бойынша 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін;

ДСҰ Алып қою тізбесінің тауарлары бойынша 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін;

еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың (бұдан әрі – ЕЭА) аумағына тауарларды әкелу, ЕЭА аумағынан тауарларды әкету және ЕЭА аумағында өндірілген және өткізілетін тауарлар бойынша 2022 жылғы
1 қарашадан бастап 2023 жылғы 1 сәуірге дейін;

сұйытылған мұнай газы бойынша 2022 жылғы 1 қарашадан бастап
2023 жылғы 1 сәуірге дейін іске асырылады.»;

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мыналар:

акциздік тауарларды өндіру және (немесе) өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын;

сұйытылған мұнай газын өндіру және (немесе) өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын;

ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын;

Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкетуді жүзеге асыратын;

ЕАЭО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына акцизделетін тауарларды әкелуді жүзеге асыратын;

ДСҰ-ның алып қою тізбесінің тауарларын және (немесе) акцизделетін тауарларды және (немесе) сұйытылған мұнай газын және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкетуді жүзеге асыратын;

ДСҰ-ның Алып қою тізбесінің тауарларын өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;

виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;

ЕЭА аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын;

ЕЭА аумағынан тауарларды әкетуді жүзеге асыратын;

ЕЭА аумағында тауарларды өткізуді жүзеге асыратын субъектілер;»;

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Тауарлардың қалдықтары жөніндегі мәліметтер қоймадағы тауар қалдықтарының іс жүзінде бар санына сәйкес келетін мөлшерде «Қалдықтар» нысаны арқылы виртуалды қойма нысандары журналына енгізілуге жатады.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар жөніндегі мәліметтер іс жүзінде өндірілген тауардың санына сәйкес келетін мөлшерде «Өндіріс» нысаны арқылы виртуалды қойма нысандары журналына енгізілуге жатады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. ТІЖ:

1) акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау және (немесе) өткізу кезінде;

2) Қазақстан Республикасының аумағында ДСҰ-ның алып қою тізбесінің тауарларын өткізу кезінде;

3) тауарларды жеңіл автокөлікпен әкелуді қоспағанда, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу кезінде;

4) ДСҰ-ның алып қою тізбесінен тауарларды және (немесе) акцизделетін тауарларды, және (немесе) сұйытылған мұнай газын, және (немесе) олар бойынша виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағына әкету кезінде;

5) Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды жеңіл автокөлікпен әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкету кезінде;

6) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншікке айналдырылған мүлікті өткізу кезінде;

7) виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өткізу кезінде.

8) ЕЭА аумағына тауарларды әкелу кезінде

9) ЕЭА аумағынан тауарларды әкету кезінде;

10) ЕЭА аумағында тауарларды өткізу кезінде;

11) сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау және (немесе) өткізу кезінде ресімдеуге жатады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көзделген ерекшеліктер, құрамында алтыны бар өнімге қолданылмайды.»;

16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сату орны арқылы жүзеге асырылатын бөлшек сауда кезінде, мынадай жағдайларда:

тауарларды өткізу кезінде есеп айырысулар:

сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып,
қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдар арқылы;

төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылған кезде;

жеке тұлғаларға  тауарларды өткізу кезінде  есеп айырысулар электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылған кезде;»;

мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

«20-1. Салық төлеушілердің сыртқы есепке алу жүйелерінің ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулімен интеграциялық өзара іс-қимылы сыртқы есепке алу жүйелеріне ЭШФ АЖ-да Web-қосымшадағы бизнес-процестерде көзделген барлық операцияларды ЭШФ АЖ-ны ЭШФ АЖ қатысушыларының есепке алу жүйелерімен интеграциялау арқылы орындауға мүмкіндік беретін API-тетіктер арқылы жүзеге асырылады.

Cалық төлеушілердің таңдауы бойынша сыртқы есепке алу жүйелері электрондық құжаттармен алмасу сервисімен өзара іс-қимыл жасаған жағдайда, мұндай сервистің ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулімен интеграциялық өзара іс-қимылы да, сондай-ақ осы сервиске ЭШФ АЖ-мен интеграциялау жолымен Web-қосымшадағы бизнес-процестермен көзделген барлық операцияларды ЭШФ АЖ-да орындауға мүмкіндік беретін
API-тетіктері арқылы жүзеге асырылады.»;

23-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы тармақтың ережесі шегі ЕАЭО кедендік шекарасының участкілеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін ЕЭА аумағындағы тауарларды өткізуге қолданылмайды;»;

85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«85. Осы Қағидалардың 83-тармағында көрсетілген мүлік «Қалдықтар» нысаны арқылы виртуалды қойма нысандары журналына енгізілуге жатады.».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
22 декабря 2022