Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы

Келісім тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын, ал кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті орындауды бас қамтамасыз ету екінші мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған жағдайларда, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті орындауды бас қамтамасыз етуді қолдану ерекшеліктерін, сондай-ақ тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыруды бір мүше мемлекеттің кеден органы жүзеге асыратын, ал кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету екінші мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылған жағдайларда, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепілгерлікті қолдану ерекшеліктерін айқындайды.

Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы
Дата публикации
05 октября 2022