Тауарлардың электрондық саудасын және жеке тұлғаларға электрондық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын шетелдік компанияларға салық салу

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (ҚР ҚМ МКК) 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің, Интернет алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын, сондай-ақ жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызмет көрсетуді жүзеге асырылатын, шетелдік компанияларға қосылған құн салығын салу тәртібін реттейтін жаңа бөлімі қолданысқа енгізілетінін хабарлайды.

Жаңа ережелерде мынадай шарттар қарастырылған, мыналардың бірі:

Қазақстан Республикасы сатып алушы жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып табылатыны;

Қазақстан Республикасының аумағы сатып алушы жеке тұлға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін пайдаланатын банктік шот ашылған банктің немесе ол арқылы сатып алушы жеке тұлға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыратын электрондық ақша операторының орналасқан жері болып табылатыны;

көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде пайдаланылған сатып алушы жеке тұлғаның желілік мекенжайы Қазақстан Республикасында тіркелгені;

көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе оларға ақы төлеу үшін пайдаланылатын телефон нөмірі (оның ішінде мобильді телефон нөмірі) елінің халықаралық кодын Қазақстан Республикасы бергені белгілі болған кезде шетелдік компания Қазақстан Республикасында қосымша құн салығын есептеуге және төлеуге міндетті.

Демек, Интернет алаңы арқылы тауарлардың электрондық саудасын және (немесе) жеке тұлғаларға электрондық түрде қызмет көрсетуді жүзеге асырылатын, оларға қатысты жоғарыда аталған шарттар белгіленген шетелдік компания Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ​​болып танылады және салық органында шартты тіркеуге жатады.

Шетелдік компания шартты тіркеу үшін ҚР ҚМ МКК-ге пошта арқылы бір рет растау хатын жолдайды, онда:

шетелдік компанияның толық атауын;

инкорпорация елінде немесе бейрезиденттің резиденттік елінде салықтық тіркеу нөмірі болған кезде осындай нөмірді (немесе оның аналогын);

бейрезиденттің инкорпорация еліндегі немесе бейрезиденттің резиденттік еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын);

тауарлардың электрондық саудасын, жеке тұлғаларға электрондық нысанда қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде қосылған құн салығын төлеу жүргізілетін банктік деректемелерді;

пошталық деректемелерді (ресми электрондық мекенжайды, инкорпорация елінде немесе бейрезиденттің резиденттік елінде орналасқан мекенжайын) көрсетіледі.

Көрсетілген айналым бойынша бизнес-процесті оңайлату үшін шетелдік компания қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін ұсынбайды және электронды шот-фактуралар жазып беруді жүргізбейді.

Шетелдік компанияның тауарлардың электрондық саудасымен және электрондық қызметтерді көрсетумен байланысты айналымы 12 пайыз мөлшерлемесі бойынша қосылған құн салығын салуға жатады. Төлем мерзімі тауарларды сату және қызметтер көрсету жүргізілген тоқсанның қорытындысы бойынша сәйкесінше 25 мамырда, 25 тамызда, 25 қарашада және 25 ақпанда жүргізіледі.

Налогообложение иностранных компаний, осуществляющих электронную торговлю товарами и оказание электронных услуг физическим лицам
Дата публикации
01 января 2022