Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі - дамыған мемлекетті ұйымдастырудың ең маңызды мәселелерінің бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекет пен қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдарды анықтауға және жазалауға қабілетті нақты шаралар маңызды рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын ұйымдастыруда мемлекеттің рөлі қаншалықты белсенді болса да, ол осы күресті қарапайым азаматтардың көмегінсіз жүргізе алмайды.
«Сыбайлас жемқорлық» ұғымының анықтамасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Резспубликасы Заңының 1-бабының 6-тармағында келтірілген.
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Әлеуметтік құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлық көп қырлы. Сыбайлас жемқорлыққа өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдалану, пара беру, пара алу, өкілеттіктерін асыра пайдалану, коммерциялық параға сатып алу не ақша, құндылықтар, мүлік немесе мүліктік сипаттағы қызметтер, өзі үшін немесе үшінші тұлғалар үшін өзге де мүліктік құқықтар түрінде пайда алу мақсатында өзінің лауазымдық жағдайын қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне қайшы басқа да заңсыз пайдалану не басқа жеке тұлғалардың көрсетілген адамға мұндай пайданы заңсыз беруі, сондай-ақ заңды тұлғаның атынан немесе оның мүддесі үшін осы әрекеттерді жасау жатады.
Егер адам материалдық немесе материалдық емес пайда алу мақсатында өзінің немесе біреудің лауазымдық жағдайын заңсыз пайдалануға қатысса, ол сыбайлас жемқорлық жүйесінің бір бөлігіне айналады.
Өкінішке орай, адамдардың үлкен тобы үшін тұрмыстық мәселелерді шешу үшін шағын пара беру өзінің дүниетанымына, моральдық шектеулеріне қайшы келмейді.
Сыбайлас жемқорлық қоғамда бір күнде пайда болмайды. Сыбайлас жемқорлықтың мәні ол терең өзара байланысты әлеуметтік құбылыстарда көрінеді. Олардың қатарына құқықтық нигилизм және азаматтардың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіздігі, азаматтардың азаматтық ұстанымының төмендігі жатады.
Сыбайлас жемқорлықтың кейбір көздері: материалдық және материалдық емес игіліктерді тиімсіз және әділетсіз бөлу және жұмсау, мемлекеттік қызмет тиімділігінің төмендеуі, экономикалық өсу қарқынының баяулауы, билікке деген сенім деңгейінің төмендеуі және басқалары.
Сыбайлас жемқорлық процесіне әрқашан екі тарап қатысады: пара беруші және пара алушы.
Пара беруші - өз өкілеттіктерін өз мақсаттары үшін пайдалану мүмкіндігінің орнына пара алушыға қандай да бір пайда беретін тұлға. Пайда ақша, материалдық құндылықтар, қызметтер, жеңілдіктер және басқалар болуы мүмкін. Бұл ретте пара алушыда өкімдік немесе әкімшілік функциялардың болуы міндетті шарт болып табылады.
Пара алушы лауазымды тұлға, жеке фирманың қызметкері, белгілі бір тұлға (адамдар тобы) үшін өз өкілеттіктерін өтейтін мемлекеттік және муниципалды қызметкер бола алады. Одан оның міндеттерін орындауды, сондай-ақ орындамауды, ақпарат беруді және т. б. күтуге мүмкін болады. Сонымен қатар, ол талаптарды өз бетінше орындай алады немесе өзінің позициясын, ықпалы мен күшін қолдана отырып, басқа адамдардың талаптарды орындауына ықпал ете алады.
Терең әлеуметтік-экономикалық зерттеу жүргізбестен де, біздің елімізде сыбайлас жемқорлықтың болуының бірқатар айқын объективті себептері бар.
Қазіргі уақытта халық арасында сыбайлас жемқорлықты қалыпты құбылыс деп бағалағанды жөн көретін азаматтардың жеткілікті үлкен тобы бар.
Пара берген немесе алған адам бір сәтте пайда көреді. Әдетте, пара беруші немесе пара алушы мұның өзі үшін қандай салдары болуы мүмкін екендігі туралы ойламайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ұғымының анықтамасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Резспубликасы Заңының 1-бабының 9-тармағында келтірілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:
1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.
Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күресуге міндетті. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою үшін біздің еліміздің әрбір азаматы адамгершілік, зияткерлік және мәдени даму мақсатында өзін-өзі тәрбиелеуі және оқытуы, сол арқылы сыбайлас жемқорлықты жеке деңгейде қабылдамауды қалыптастыруы тиіс.
Келесі ұсынымдар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға ықпал етеді:
1) насихаттау мен білім беру арқылы, сондай-ақ қоғамда әртүрлі нысаналы топтар: халық, студенттер және бизнес өкілдері үшін адал мінез-құлық идеалдарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды тарататын іс-шараларды ұйымдастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейтіп, нығайту қажет;
2) студенттер, бизнес өкілдері, жергілікті тұрғындар және мемлекеттік қызметкерлерден тұратын кең аудитория үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқыту семинар-тренингтерін өткізу қажет;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру үшін тренингтер, оқыту іс-шараларын өткізу саласында білімі мен тәжірибесі бар мамандарды тарту ұсынылады;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзекті оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу қажет;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы, адамға белгілі сыбайлас жемқорлық фактілері үшін жауапкершілік туралы, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік туралы, сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша айғақ берген адамдар мен оның отбасы мүшелері қауіпсіздігінің заңнамалық кепілдіктері туралы БАҚ-та, әлеуметтік желілерде кеңінен жария етуді жүргізу қажет;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кері байланыс арналары мен азаматтардың шағымдарын қарау тетіктері туралы халыққа неғұрлым нақты жеткізу қажет. Оларды талқылауға халықтың кең ауқымын белсенді тарту ұсынылады. Ол үшін жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысу мүмкіндігі туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағыттары дұрыс екенін атап өткен жөн. Мұны Қазақстан халқына жолдаған соңғы жолдаулары мен сөйлеген сөздерінен, соңғы бірнеше жылда қабылданған заң жобалары мен саяси және экономикалық реформалардан көруге болады. Мысал ретінде, 2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі, 2022 жылғы 08 ақпанда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі, 2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөздерін атап айтуға болады.