Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарысы іс шаралар

Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарысы іс шаралар

 

МКК-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралы салықтық және кедендік әкімшілендіру процестерін цифрландыру болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушылардың уақыт және қаржы шығындары қысқартылды, тікелей байланыстар барынша азайтылды, соның салдарынан мынадай жұмыс нәтижелері бойынша: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру (44-тен 40-ы); электрондық декларациялауды енгізу; мемлекеттік органдардың деректер базасымен интеграциялау; тауарларға арналған декларациялар бақылау және шығару бөлігінде кедендік функцияларды МКК деңгейінде орталықтандыру; камералдық бақылау рәсімі және тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде тексеру үшін субъектілерді іріктеуді жүзеге асыру кезінде жасанды интелектіні қолдану; E-salyq-Azamat және E-salyq-Business тегін мобильді қосымшаларының жұмыс істеуі нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністері азайды.

Көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық өзара тығыз байланысты екенін ескере отырып, барлық тізбек бойынша тауар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін (импорттан немесе өндірістен бастап бөлшек саудаға дейін) Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі құрылды, олар - «Астана-1», «Электрондық шот-фактуралар»,  сондай-ақ «Тауарларды таңбалау» АЖ, «Виртуалды қойма» модулі, «Тәуекелдерді басқару жүйесі», онлайн бақылау-касса машиналарын енгізу және т. б.

Рұқсат беру құжаттарын алудың ыңғайлылығы үшін «Е-терезе» жүйесінде сыртқы жүйелермен 15 интеграция жүзеге асырылды (қызметтерді алу уақыты 30 күннен 5 күнге дейін қысқарды).

Цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен қатар, жұртшылықты тарта отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Салық төлеушілердің хабардарлығын арттыру мақсатында  2019 жылдан бастап МКК байланыс орталығы жұмыс істейді, ол күн сайын жүздеген салық төлеушілердің мәселелерін жедел түрде шешуге мүмкіндік береді.

 

Дата публикации
10 января 2022