Жер қойнауын пайдаланушының тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеу бойынша міндеттемелері қашан пайда болады?

Жер қойнауын пайдаланушының тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеу бойынша міндеттемелері қашан пайда болады?

Жауап

Салық кодексінің 769-бабының 1-тармағына сәйкес тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді(бұдан әрі - ТШӨТ) жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт аумағында (учаскесінде) өндіруді бастаған кезден және мына күндердің неғұрлым ертерегі басталғаннан бастап төлейді:

коммерциялық табуды жариялау;

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өндіру кезеңіне (сатысына) ауысу;

пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру;

пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшартты жасасу.

Осылайша, ТШӨТ төлеу бойынша міндеттемелер өндіру басталғаннан және Салық кодексінің769-бабының 1-тармағында көзделген күндердің ең ерте басталуынан туындайды.

Мысалы, егер жер қойнауын пайдаланушы өндіруді 2026 жылдың 1 қыркүйегінде бастаған болса, ал өндіруге келісімшарт 2026 жылдың 1 ақпанында жасалған болса, ТШӨТ төлеу бойынша міндеттемелер 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пайда болады, өйткені дәл осы күннен бастап өндіру басталды.

Дата публикации
07 октября 2026