Пайдалы қазбалардың ПҚӨС салынуға жататын көлемін айқындау тәртібі?
Жауап
Салық кодексінің 779-бабына сәйкес биржалық металдарға қатысты пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың (бұдан әрі – ПҚӨС) салық салу объектісі – салықтық кезеңдегі жер қойнауындағы нақты ысыраптардың жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өзі айқындайтын тәртіппен бекіткен кен орнын игерудің техникалық жобасында белгіленген жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптардың шегінен асып түсетін көлемі ескеріле отырып, салықтық кезеңде жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды шикізаттың немесе пайдалы қатты қазбалардың физикалық көлемі (пайдалы қазбалардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады.
Осылайша, қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес биржалық металдарға қатысты ПҚӨС салу объектісі тиісті салық кезеңінде өндірілген пайдалы қазбалардың нақты көлемі болып табылады.
Бұл ретте, жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін ПҚӨС салу объектісі пайдалы қазбалардың өтелген қорларының көлемі негізінде, яғни пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік балансында есепте тұрған қорлар негізінде айқындалған.
Осылайша, жаңа Салық кодексімен ПҚӨС салу объектісін айқындау тәсілі өзгертілді: мемлекеттік баланста көрсетілетін өтелген қорлардың көлемінің орнына салық кезеңі ішінде өндірілген пайдалы қазбалардың нақты көлемі қолданылады.