Каким образом определяется стоимость сырого газа для целей исчисления НДПИ по объемам сырого газа, который технологически неизбежно сжигается в факелах?

Алауларда технологиялық тұрғыдан еріксіз жағылатын шикі газдың көлемі бойынша ПҚӨС есептеу мақсаты үшін шикі газдың құны қалай анықталады?

Жауап

Салық кодексінің 771-бабының 2-тармағына сәйкес өндірілетін минералдық шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша ПҚӨС жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, осы тарауда белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен төленеді.

Салық кодексінің 774-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ПҚӨС есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген жағдайларда алауларда жағылатын шикі газдың жалпы көлемі.

Салық кодексінің 776-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шикі газды алауларда жағу кезінде алауларда жағылатын шикі газ көлемінің және Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес белгіленген және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасының ең жоғары мәнінің туындысы ретінде айқындалады салық кезеңінде.

Осылайша алауларда жағылған шикi газды өндiру Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес белгiленген және тиiстi салық кезеңiнде қолданылып жүрген iшкi рынокта тауарлық газды көтерме саудада өткiзудiң шектi бағасын негiзге ала отырып, пайдалы қазбаларды өндiруге салық салуға жатады.

Дата публикации
07 октября 2026