НДПИ на подземные воды

Өндірілетін минералды жер асты суларын, шаруашылық-ауыз жер асты суларын алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындарды өндірушілерге беретін жер қойнауын пайдаланушы өндірілген жер асты суының 1 текше метріне 0,25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасын қолдануға құқылы ма?

Жауап

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 786-бабының 2-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындарды өндіру үшін пайдаланған минералды жерасты суына, шаруашылық-ауыз жерасты суына өндірілген жерасты суының 1 текше метріне 0,25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынады.

Осы баптың нормаларына байланысты өндірілген жер асты суының 1 текше метріне 0,25 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ставка өндірілген суды жер қойнауын пайдаланушының өзі жоғарыда көрсетілген мақсаттарға пайдаланған жағдайда қолданылады.

Өзге жағдайларда, салық кодексінің 8-бабы 7) тармақшасына сәйкес алкоголь және тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындарды өндіру кезінде үшінші тұлғалардың пайдалануы үшін жерасты суын беру оны өткізу – тауарларды не өзге де мүлікті тиеп-жөнелту және (немесе) беру, жұмыстарды орындау, сату, айырбастау,өтеусіз беру мақсатында қызметтер көрсету, борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған кезде мүлікті лизинг шарты бойынша беру сондай-ақ кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру

Осы мақсаттар үшін Салық кодексінің 786-бабында айрықша тәртіп көзделмейді, осыған байланысты, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 1,000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндірілген жерасты суының 1 текше метріне ПҚӨС есептеу жүргізілуі тиіс.

Дата публикации
07 октября 2026