Жер асты суы шығынының көлемі бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеу қажет пе?
Жауап
Салық кодексінің 771-бабына сәйкес ПҚӨС жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералдық шикізаттың, көмірсутектердің, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрі бойынша жеке төлейді.
ПҚӨС мынадай жағдайларда:
1) жер асты суларын, оның ішінде олардан өндірілген бу түрінде қаттық қысымды ұстап тұру үшін жер қойнауына (техногендік суды сору) кері айдау кезінде;
2) көмірсутектермен ілеспе өндірілген және Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін жерасты суларын кәдеге жарату кезінде;
3) қатты пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе өндірілген (ілеспе алынған, айдалған) жерасты суларын (шахта, карьер, кеніш) ағызу кезінде;
4) өндірілген жерасты сулары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылмаған жағдайда, өзіне меншік құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге өзге де құқықтарда тиесілі жер учаскесінде жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлға;
5) мемлекеттік мекемелер өз шаруашылық мұқтаждары үшін өндіретін жерасты сулары бойынша.
Салық кодексінің 785-бабы жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
Салық кодексінің 786-бабы 2-тармағына сәйкес жерасты суларына ПҚӨС ставкалары өндірілген жерасты суының 1 текше метрі үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен шыға отырып есептеледі.