Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу
қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 623 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 24 қазанда № 37229 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!

      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

       Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 180-бабының 6-тармағына және 2019 жылғы 29 мамырда Астана қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы Келісімге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
  2. Күші жойылды деп танылсын:

       1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндет атқарушысының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 88 "Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26670 болып тіркелген);

       2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1207 ""Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндет атқарушының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 88 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрық (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30856 болып тіркелген).

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

М. Такиев

бұйрық
Дата публикации
30 сентября 2026