Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ нысандарын, Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37317 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 179-бабы 3-тармағына және "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттың басып шығарылған нысаны бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланған бірінші күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Д. Темирбеков |