Сұрақ 1
Сұрақ
|
Бейрезиденттен көрсетілетін қызметтер сатып алу бойынша 2026 жылы ЭШФ қандай мерзімде жазылады? Жауап Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған осындай күнге келетін салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларация табыс етілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей |
Сұрақ 2
|
Сұрақ |
|
«Есептеу әдісі» ЭШФ 28-жолында аралас төлем кезінде есептеудің қандай тәсілі көрсетіледі? Жауап «Қолма-қол ақшасыз» есептеу әдісі «Шот-фактураны және оның нысанын жазып беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығы |
Сұрақ 3
|
Сұрақ |
|
Салық кодексінің 286-бабының 16) тармақшасының енгізілуіне байланысты жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын контрагенттермен операциялар бойынша шығыстарды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда (100.00-нысан) көрсету тәртібін түсіндіруді сұраймыз. Жауап Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалардан ТМҚ және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар Салық кодексінің 286-бабының 16) тармақшасына сәйкес КТС бойынша шегерімге жатқызылмайды. 100.00-нысанда олар шегерімге жатқызылмайтын шығыстар ретінде 100.01.022 VIII жолында көрсетіледі. Бұл ретте ТМҚ және көрсетілетін қызметтердің түріне қарай сатып алу 100.01.022 III А немесе III Н тиісті жолдарында көрсетіледі. |
Сұрақ 4
|
Сұрақ |
|
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын екі заңды тұлға – «А» ЖШС (қарыз беруші) мен «В» ЖШС (қарыз алушы) арасында қарыз қаражатын пайдаланғаны үшін сыйақы (пайыз) есептеуді және төлеуді көздейтін қарыз шарты жасалған.
«В» ЖШС-нің «А» ЖШС-не (екеуі де Қазақстан Республикасының резиденттері) төлейтін пайыздары төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына (КТС) жата ма және 101.03-нысанында көрсетілуге тиіс пе? Жауап Қазақстан Республикасының резидентіне сыйақы төлеу кезінде салық агенті төлем көзінен ұсталатын КТС-ты есептеуге, ұстауға және бюджетке аударуға, сондай-ақ 101.03-нысанын ұсынуға міндетті.Ұсталған КТС Салық кодексінің 345-бабына сәйкес КТС-ты азайтуға есепке алынады |
Сұрақ 5
|
Сұрақ |
|
Негізгі құралдарды пайдалану барысында салық төлеуші оларды ағымдағы және күрделі жөндеуге шығыстар жұмсайды. Бұл шығыстар 100.00-нысанда қалай көрсетіледі? Жауап Негізгі құралдар бойынша кейінгі шығыстарды салық төлеуші өз таңдауы бойынша шегерімдерге жатқызуға не тиісті негізгі құралдың құндық балансының ұлғаюына (қалыптастырылуына) жатқызуға құқылы. |