Internet браузерінің мекенжай жолағына https://esf-vs.gov.kz:8443/esf-web/login мекенжайын енгізіңіз. Порталдың басты беті жүктеледі.
Егер порталға бірінші рет кіріп отырған болсаңыз, NCALayer бағдарламасын орнату қажет.
NCALayer бағдарламалық жасақтамасы веб-браузердің ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарымен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге арналған.
Назар аударыңыз! ЭШФ АЖ үйесімен жұмыс істеуді бастамас бұрын NCALayer қосымшасының іске қосылғанына көз жеткізу қажет.
NCALayer модулі ҚР ҰКО әзірлеген, ақпараттық жүйелерде аутентификациялау және қол қою функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қосымша болып табылады.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін NCALayer қосымшасы орнату барысында компьютерде Java және NCALayer бағдарламалық жасақтамаларының бар-жоғын және олардың жұмыс қабілеттілігін тексереді, содан кейін бағдарламаларды пайдаланушының дербес компьютеріне орнатады.
Бұл қосымша пайдаланушының дербес компьютерін жұмысқа дайындауға кететін уақытты қысқартуға, сондай-ақ ЭЦҚ-мен сенімді жұмыс істеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
NCALayer бағдарламасын орнату үшін:
Бағдарламалық жасақтаманы орнатып, іске қосқаннан кейін басқару тақтасындағы NCALayer белгішесін тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып, «Модульдерді басқару» тармағын таңдаңыз.
1 Сүрет
Ашылған модульдер тізімінен ЭШФ модулін таңдап, «Модульді орнату» батырмасын басу қажет. Нәтижесінде модуль жүктеліп, пайдаланушының компьютеріне орнатылады.
2 Сүрет
NCALayer модулін орнатқаннан кейін, егер Сіз жүйеде тіркелген болсаңыз, осы нұсқаулыққа сәйкес Порталға кіре аласыз.
Егер Сіз ЭШФ АЖ жүйесінің пайдаланушысы болып табылмасаңыз, осы нұсқаулықтың 2-тармағына сәйкес тіркеуден өтуіңіз қажет.