«Кеден өкілдерін санаттау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 553 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Кеден өкілдерін санаттау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 553 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден өкілдерін санаттау өлшемшарттарын осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы бұйрықты Комитеттің Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті (М.С. Мусин) осы бұйрықты Комитеттің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.